а) сабақтың көрнекілігі: Тақта, бор
ә) үлестірмелі материалдар: Кеспе қағаздар
б) оқытудың техникалық жабдықтары: Кітап в) оқыту орны:
4. Сабақтың барысы
Сабақты ұйымдастыру: Студенттерді түгендеу, оқулықтарын, аудитория тазалығын тексеру.
Студеттердің зейінің сабаққа аудару.
Өткен тақырыптарға шолу: Білімдерін тексеруге арналған Сөз жұмбақпен жұмыс
Сабақтың барысы: Нарықтық экономика – еркін кәсіпкерлікке, өндіріс құралжабдықтарына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізу субъектілері арасындағы келісімшарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласу қағидаттарына негізделген экономика.Нарық және оның мәні. Нарықты (тауарлы) шаруашылықтың тарихи даму процесінде нарықтың мәні де, өзі де өзгерді, оның экономикадағы рөлі өсті.Нарық – экономикалық теорияда ең кеңінен тараған категориялардың бірі, ол жекелеген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алушылар (тұтынушылар) мен сатушылар (өнім берушілер) арасындағы айырбасты қамтамасыз ететін процестер мен рәсімдердің жиынтығы болып есептеледі.Нарықтың объективті қажеттілігі тауарлы өндірістің қалыптасу қажеттілігін тудыратын себептермен негізделеді. Нарықтың пайда болуының мынадай маңызды тарихи шарттары бар:
Бірінші шарт - қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіріс саласына мамандану. Адамдардың жекелеген топтары шаруашылықтың түрлерімен айналысады, яғни қандай да бір тауарларды өндіру қызметіне мамандандырылады. Бұл жағдай салыстырмалы басымдық қағидатымен түсіндіріледі, яғни жіберіп алған мүмкіншіліктерінің азғана бөлігіне қатысты өнім өндіреді. Екінші шарт - экономикалық оқшаулық. Ондірушілердің экономикалық ерекшелігі шаруашылық шешімдерін қабылдауда (Не шығару, қалай шығару, өндірілген өнімді кімге сату керек?) толықтай тәуелсіз, дербес. Бұл ерекшелік тарихи жағынан жекеменшік негізде пайда болады және ұжымдық меншікке таралады (кооперативтер, акционерлік қоғамдар, мемлекеттік мекемелер және т.б.). Егер қоғамда шаруашылық қызмет субъектілері жекеменшік құқығына ие болмаса, нарықтың болуы мүмкін емес.