VIII. Үйге тапсырма, бағалау:Үш би өлеңін жаттау.
№77сабақ. Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. Махамбеттің тапқырлығы
Сабақтың мақсаты: а) Заттың санын білдіретін сөздер қанша?неше? ұғымы туралы білімдерін пысықтау.Қазақтың батырлары, оның ішінде Махамбет туралы мағлұмат беру.
ә) Жаттығулар орындау арқылыоқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын , есте сақтау қабілетін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру.б) Оқушыларды ұқыптылыққа, бірізділікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:Махамбет суреті,сұрақтар
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:-Балалар, үйге берілген тапсырманы пысықтап, ережені қайталап, еске түсіру.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Үш би туралы не білеміз?
Ережені еске түсіріп, мысалдар келтірейік.
IV. Мақсат қою кезеңі:Бүгінгі өтетініміз «Махамбеттің тапқырлығы - Кім айтады,Махамбет кім?
V. Жаңа сабақ:1.мәтінді оқу. Мақал жаттаймыз Мереке күндермен танысамыз.
VI.Жаңа материалды пысықтау:153-154 бет Мәтінді түсініп оқуМахамбеттің тапқырлығы 1. Тергеуші Махамбетті не үшін іздеді? 2.Махамбет тергеушімен қалай сөйлесті? 3.Ауыл адамдары Махамбетті қалай сипаттады? 4.Тергеуші неге қайтып кетті?
ә) мақалСөз сүйектен өтеді.141-жаттығу 1. Мереке күндерін еске сақтаңдар. Қызылмен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.Нешінші? сұрағына жауап беретін сөздер мен ай аттарын білдіретін сөздерді жазыңдар.
VII.Бекіту кезеңі:Оқушыларға жалпылама сұрақ қою.Мереке күндерін атату. Наурыз мерекесі қашан?Ол қашан тойланады?
VIII. Үйге тапсырма, бағалау:Махамбеттің тапқырлығы оқу, әңгімелеу.
№78сабақ. Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер. Абылай хан.Мақалдар.
Достарыңызбен бөлісу: |