ІҮ.Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ:
өлі тірі
а) Күз мезгілі кіріспе әңгіме.ә) Өлі табиғаттағы өзгерістер туралы әңгімелеу. б) Адамдардың күзгі еңбегімен таныстыру.в) Дауыстап оқыту.г) А. Сәрсеновтың күз жайында жазылған өлеңін жаттату.
Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді,
Алтын астық-алтын дән Сергіту сәті.
ҮІ. Білімді бекіту.1.Күзде қандай жұмыстар аяқталады?2.Көкөністерден қандай тағамдар дайындалады?3. Суреттегі адамдардың күзгі еңбегі жайлы айт.4. Мал күтімі жайлы әңгімеле.
5. Күз неге жиын-терін науқаны деп аталады?
ҮІІ. Сабақты қорытындылау:Біз не жайында білдік?
ҮІІІ.Үйге тапсырма,бағалау.
20. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы:Қысқы өзгеріс.
Сабақтың мақсаты: 1 Қыс мезгілі туралы түсінік беру 2 Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.3 Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі:Қыс көрінісіне суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.Адамның күзгі еңбегі туралы түсінгендерін сұрап, пысықтау.
ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Адамның күзгі еңбегі жайында айт.А. Сәрсеновтың күз жайында жазылған өлеңін жаттату.
Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді,
Алтын астық-алтын дән.
ІҮ. Мақсат қою:тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ:а) Қыс көрінісі туралы суреттер көрсете отырып, қыста өлі табиғатта болатын өзгерістерді айтқызу.ә) Сәкен Сейфуллиннің «Қыс» өлеңі, Абайдың «Қыс» өлеңінен үзінді оқып беремін.б) Қыста жапырақтары түспейтін, үнемі көгеріп тұратын ағаштар туралы айту.в) Қыстағы өсімдіктер тіршілігі туралы әңгіме.г) Дауыстап оқыту.Сергіту сәті.