ҮІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?
39. Сабақтың тақырыбы Дд дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: 1 Дд дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. 2. Еңбексүйгіштікке баулу. 3. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту, бағытты айыра білу
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны: І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ: а)«Дала» сөзіне дыбыстық талдау жасау.ә) Д дыбысын үш рет айту.(дауыссыз дыбыс екенін анықтау.) б) Д дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.
ІҮ. Жаңа білімді бекіту.Хормен оқыту. Қайда сұрағына жауап беретін сөйлемдердің интонациясын дұрыс .қойып оқуға жаттықтыру. Дулат қайда? Айдар қайда? сұрақтарына жауап бергізу Жеке-жеке оқыту. Сергіту сәтін өткізу.
ҮІ. Жаңа білімді тексеру.а)-Д қандай дыбыс? Қай буындарда жазылады? ә) Дәптермен жұмыс:Д әрпін жазуға жаттықтыру.б) Жұмбақ шешу.Үп-үшкір тұяғы,Жылан көзін ояды.(Дәуіт) Іші егіс, сырты тегіс.(тон) Есігі біреу, бөлмесі бесеу.(қолғап) в) Сөздік диктант жазғызу: қол, ата,апа,ана,ала,аға,тай,қой,тон, той.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?
40.Сабақтың тақырыбы Дд дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: 1. Дд дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. 2. Еңбексүйгіштікке баулу. 3. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту. Бағытты айыра білу
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны: І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а/ Дд дыбысы қандай дыбыс? ә/ Дауыстап тізбектей оқыту. б/ Жеке-жеке оқыту.
ІҮ. Білімді бекіту. Тақтаға сөз жазғызу: Дд, доп, дала, доға, Дана. Сөйлем құрату. Сызбасын сызу.Далада диқан жұмыс істейді. / 4 сөзден құралған./ Айжан дәрігерге барды. Айжанның денсаулығын тексерді. Оған дәрі берді. 3. Кеспе әріптерден сөз құрау. Доп, ойна. Сергіту сәтін өткізу.