Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет «Қыс келбеті»,қима қағаз
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын сұрау -Балалар , кім айтады үйге қандай тапсырма берілді? -Өлеңді бәріміз жаттап келдік пе? -Кім айтады? Өлеңдер жатқа сұралады. -Балалар, осы өлеңде не туралы айтылады?
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі-Сөйлеу не үшін керек? -Тілдің қызметі қандай?
IV. Мақсат қою кезеңі Суретке қарап әңгіме құрау, -Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? -Дұрыс.Қыс.
V. Жаңа сабақ- Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз да Қыс туралы болмақ -Суретке қарайық, не көріп тұрмыз? -Балалар, не істеп жатыр? -Суреттегі балаларға ат қойып, әңгіме құрастыру. –ал, енді назарымызды оқулығымыздың 5 бетіндегі 1-жаттығуға қараймыз. Оқушыға оқытамын.Әрбір сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыңдар Қыс келді.күн суытты.Қар көп жауды.Өзенге қалың мұз қатты. Сергіту сәті VI. Жаңа материалды пысықтау -Балалар, Енді 2-жаттығуға қарайық. Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазып, соңына нүкте қойып көшіру .Қаңтар.Қаңтар айы болды күн суытты қалың қар жауды боран соқты.Дәптерге тыныс белгіні дұрыс қойып көшіру.Тақтаға бір оқушыны шығарып жаздыру.
VII. Бекіту кезеңіҚыс өлеңі
Ақ киімді денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау түсі суық, Басқан ізі сықырлап келіп қалды
Өлеңді мәнерлеп оқып талдау
Жаңылтпаш
Қар аппақ, Дала аппақ-
Бәрі аппақ.... Қарап бақ.
Екі-үш мәрте оқытып, тілдерін жаттықтырту
VIII. Үйге тапсырмаАбайдың Қыс өлеңін оқу, жаңылтпашты жаттау.Бағалау сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.