Сабақ жоспары "Қорғасынның, қалайының және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері"



бет1/2
Дата01.10.2024
өлшемі25,26 Kb.
#146470
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
himija 11 1a-14-top-sabak-zhospary


Сабақ жоспары

"Қорғасынның, қалайының және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері"

Мектеп:

Күні:01.10.2024ж

Мұғалімнің аты-жөні: Данысбекова Роза

Сынып: 10

Қатысқандар саны:




Сабақ тақырыбы

14 (IV) топ элементтерінің және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері.
Зертханалық тәжірибе №10 "Қорғасынның, қалайының және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері" (1 сағат)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.2.1.2 14 (IV) топ элементтерінің және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакциялар теңдеуін құру;

Сабақ мақсаттары

-14 топ элементтерінің химиялық қасиеттерін зерттеу
-химиялық реакциялар теңдеуін құрастыру
-химиялық тәжірибе нәтижелерін талдау

Жетістік
критерийлері

Білу
Түсіну
Қолдану

Оқушылар жетеді, егер:
Реакция теңдеуін жазады;
Реакцияларға бақылау жазады

Тілдік мақсаттар



Оқушылар:
- топтағы элементтердің химиялық және физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіне алады .
Пәндік лексика және терминология:
металл, металл емес, металлоидтар, ионды, ковалентті, гидролиз, тетраэдрикалық, ауыр металдар, (емес) металл, электр және жылу өткізгіштігі, үрдісі, қасиеттері

Құндылықтарды
дарыту



Топтық жұмыс кезінде құрмет көрсету
Оқушылардың жұмысын бағалаудағы ашықтық
Еңбек және шығармашылық
Өмір бойы оқу



Пәнаралық
байланыстар

Химия биология

АКТ қолдану
дағдылары

Онлайн бейне роликтер мен презентация арқылы мәліметтер тарату, сұрақ-жауаптар.

Бастапқы білім



4 топ элементтерінің таралуы мен физикалық қасиеттері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

1 сабақ
Сабақтың басы

0-7 минут

7-15 минут

15-18 минут


18-35 минут

Сабақ басында:
Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.
Өткен сабақтағы білімдерін еске түсіріп, бүгінгі сабақпен байланыстыру үшін оқушыларға презентация арқылы тапсырма беріледі. Тапсырманы жұпта орындайды.
4-топ элементтерінің қасиеттері мен электрондық құрылымы туралы келесі сұрақтарға жауап жазыңыздар:
а) 4 топтың негізгі топшасының элементтерін атаңыз
б) көміртектен қорғасынға дейінгі атомдар радиустарының мөлшері туралы не айтуға болады? Бейметалдық және металдық қасиеттерінің пайда болуы туралы
в) қарапайым заттардағы химиялық байланыс пен кристалдық торлар түрлері.
г) топ бойынша физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіріңіз
д) 4 топтың негізгі топшасындағы белсенділігі жоғары элементті атап, өз таңдауыңызды түсіндіріңіз

Жұптар берілген 10 минут аяқталған соң, жауап жазуды тоқтатып, өз-өздерін бағалауға кіріседі. Ол үшін мұғалім кезекпен –кезек жұптардың жауабын тыңдайды, өзге оқушылар мұғалімнің берген кері байланысы бойынша өз жауаптарын тексеріп, толықтыру қажет болғанда дәптерлеріне жазады.


Оқушыларға бүгінгі күннің оқу мақсаты таныстырылады, оқу мақсатынан жетістік критерийін оқушылар өздері құрастырып шығарады. Жетістік критерийіне жету үшін зертханалық жұмыс жасалатындығы ескертіледі және оқушыларға зертханаға қажетті құрал-жабдықтар үлестіріледі. (егер зертханаға қажетті заттар болмаған жағдайда видеоматериал көрсетуге болады)
Топтық жұмыс.
Одан әрі жұмыс істеу үшін оқушылар есімдері жазылған таяқшалар арқылы бөлінеді. Тәжірибелерді орындап, нәтижелерді жұмыс парағына енгізеді.
Оқушылар қалайы, қалайы (ІІ) хлоридінің ерітіндісі, қорғасын және қорғасын (ІІ) нитратының ерітінділерін әртүрлі кеңінен қолданылатын реактивтермен реакциялар жүргізеді:
Келесі қалайы реакциялары:

  • сұйылтылған тұз қышқылымен

  • күкірт қышқылы ерітіндісімен

  • азот қышқылы ерітіндісімен

  • концентрацияланған қышқылдармен

  • демо натрий гидроксидінің концентрацияланған ерітіндісімен (демонстрация).

Хлорид қалайы (II) ерітіндісінің реакциясы:

  • натрий гидроксиді

  • мүсәтір спиртімен

  • мырыш металлымен

  • калий дихроматының қышқылданған ерітіндісімен

  • калий перманганатының қышқылданған ерітіндісі (мектеп зертханасында болуы бойынша)

Презентация

Қосымша 1

Жұмыс парағы


Қорғасын (ІІ) нитраты мен калий йодиді арасындағы реакция:
http://www.youtube.com/watch?v=tQ_sJTQAnRM

http://www.nuffieldfoundation.org/practical-chemistry/silver-and-lead-halides





35-40 минут

Оқушылар жүрген реакция теңдеулерін және бақылауларын топта талқылап, зертханалық жұмыс бойынша қорытынды шығарады. Қорытындыны әр топ кем дегенде 3 сөйлеммен жеткізеді. Мұғалім оқушылардың жауабын тыдап, қажет болса толықтыру жасайды.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет