«Креативті жазу» тәсілі бойынша әр топ шығармашылық жазба жұмысын орындайды.
Тапсырма: Эссе тақырыбы: «Ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтаған шығарма» Дескрипторы: -эссе құрылымын сақтайды;
-тақырыпты ашады;
-перифразаларды тиімді қолданады;
-шығарманың құндылығын анықтайды.
Тақырыпқа сәйкес перифразалар: Дархан дала, қазақ ғылымына өлшеусіз үлес, геология-минералогия ғылымдарының докторы, академик ғұлама ғалым, Қазақстан геологтар ғылыми мектебінің негізін қалаушы, кемеңгер перзенті, дара тұлға, жер қойнауы, қазба байлықтары, мыс-кен орны, көшбастаушы, қазақтан шыққан тау-кен инженер-геологі атану.
Оқушылар жұмысы тыңдалады.
«Ой көрінісі» тәсілі арқылы кері байланыс беру.
Шарты: жазылым тапсырмаларының түріне қарай қойылған дескрипторларды басшылыққа алады.
Жоспарланған кезеңдері
Үйге: Екінші бөлім: Үлкен Жезқазған. «Шырғалаңда» «Ғұламалар алдында» , «Халкоммен сұхбат» бөлімдері оқу+жоспар. Мақала жазу. «Қаныштың өнегелі өмірінің бүгін мен болашаққа қызмет етуі»
Соңы 2 минут
Мұғалімнің кері байланысы: Рефлексия «Шығу парағы» әдісі. Мұғалім оқушыларға 5 сұрақтан тұратын шығу парағын таратады. Оқушылар сұраққа жауап жазады, мұғалімге өткізеді.
1.Оқу мақсатына жеттік пе?
2.Оқу мақсатына жету үшін не істедің?
3.Топтық жұмыстың көмегі болды ма? Неге?
4. Жазылым тапсырмасын орындауда қандай қиындыққа тап болдыңыз?