Молекула өлшемі: Май қабатының көлемі V оның S ауданын қалыңдығы d-ге көбейткенгетең, яғни: V=Sd
Молекула саны Мысалы судың массасы 1 г, көлемі 1 см3деп алып, осы тамшыдағы молекулалар санын анықтаймыз.
Тамшының көлемін молекуланың көлеміне бөліп, молекула санын анықтаймыз.
Салыстырмалы молекулалық масса Мr -деп берілген зат молекуласы массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен қанша есе артық екенін көрсететін физикалық шаманы айтады.
Мысалы, көмірқышқыл газы СО2 -нің салыстырмалы молекулалық массасы шамамен 44-ке тең, өйткені көміртегінің салыстырмалы атомдық массасы -12-ге, ал оттегінікі шамамен 16-ға тең, сонда 12+2*16=44
Зат мөлшері ν дегеніміз- берілген денедегі молекулалар саны 12г көміртектегі атомдар санынан қанша есе артық болатынын көрсететін физикалық шама:
ν=N/NА
зат мөлшерін мольмен өлшейді.
NА -Авогадро тұрақтысы.
NА=6,02*1023моль-1
V
Сабақты бекіту: 11-минут 1.Табиғатта кездесетін кез-келген дене қатты, ……., газ түрінде болады.
2.Барлық денелер тұтас емес, олар өте ұсақ бөлшектерден- ……… тұрады
3.Бар заттың молекулалардың екінші заттың молекулааралық кеңістігіне еніп кетуі ……. деп аталады.
VІ
Сабақты қорытындылау, бағалау. 2-минут Сабақта физикалық шамалардың формулаларын есепте іс жүзінде пайдалана білген және жаңа сабаққа белсене қатысқан оқушыға «5»деген баға.
Формулаларды жаттап келген, және жаңа сабаққа белсене қатысып, іс жүзінде қолдана білген оқушы «4»деген баға
Үй тапсырмасына дайын емес, бірақ жаңа сабаққа белсене қатысып, физикалық формулаларды есепте пайдаланған оқушыға «3» деген бағамен бағаланады.