Сабақ жоспары Поурочный план ЦӘк-смж/цмк-смк -02/1-03 беттің беті стр из 4



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата13.06.2023
өлшемі354,69 Kb.
#101150
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Отбасын жоспарлау

Кестені қолдану тәсілі: Әйелдің етеккірі 28 күнде кайталанып тұрады делік.Соған 
байланысты кестеден 28 күндік кезеңді табамыз.Оның тұсьшда ұрықтанбайтьш бірінші 
мерзім -9 күн, яғни етеккір келгеннен бастап 9 күнге дейін жыныс қатынасы болса да, 
ұрықтану процесі жүрмейді.Одан кейін 8 күн ұрықтанатын күндер, демек бұл күндері 
жыныс қатынаста болмағандары дұрыс немесе сақтану әдістерінің бірін қолданғандары жөн. 
Келесі етеккір алдындағы күндер ұрыктанбайтьш күндер болып табылады. 
Спермицидтер 
Бұл әдіс ерлердің ұрық жасушаларын әртүрлі химиялық заттармен, яғни дәрілермен 
зақымдап, ұрықтануға бейімсіз қылады.Контрацепцияның бұл түрі әйел тәніне қауіпсіз 
және қолайлы тәсілдердің бір түрі. Бұл топқа фарматекс жатады. 
Әсер етуі: 
Фарматекс препаратының кұрамына бензалконий хлориді кіреді.Ол ұрық жасушаларын 
сол мезетте өлтіреді, жатыр мойнының шырышын қоюландырады, қынаптың шырышты 
қабатын қорғағыш қабықшасымен қаптайды, ұрық жасушаларының қозғалысына кедергі 
жасайды. 
Тиімділігі: 
Фарматекстің әсері микродозалы мини-пили немесе тығындар әсерімен бірдей. 
Фарматекстің түрлері: таблетка, крем,балауыз,шарик,тампон. 
Қолданылуы: жыныс қатынасынан бұрын жоғарыда аталған дәрі қынапқа салынады. 
Жыныс қатынастың санына карамастан әсері 24 сағстқа созылады. Фарматекс жыныс 
қатынасы арқылы жұғатын аурулардан қорғайды. 
Мини-пили 
Гестаген гормонының аз мөлшерінен тұрады.Бауыр қызметіне,зат алмасуына, қанның 
ұю жүйесіне әсер етпейді.Сондықтан, қосарланған гормонды дәрілерді қолдануға болмайтын 
әйелдерге тағайындауға болады. 
Бұл топқа: 
1.Фемулен этинодиолдиацетат 0,5 мг 
2.Контиутин жатады. 
Таза прогестинді инъекииялық контрацепция 
Бұл топтағы дәрілерге: 
1 .Депо-медроксипрогестерон ацетат(ДМПА) немесе депо-провера, 
2.НЭТ-ЭН нористерат жатады. 


Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының 
«Жамбыл медициналық колледжі» ШЖҚ коммуналдық 
мемлекеттік кәсіпорны
Коммунальное государственное предприятие на ПХВ 
«Жамбылский медицинский колледж» управления 
здравоохранения акимата Жамбылской области 
Сабақ жоспары 
Поурочный план 
ЦӘК-СМЖ/ЦМК-СМК 
10-02/1-03 
4 беттің 4 беті 
стр 4 из 4 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет