Сабақ жоспары Сабақ : Күні: І топ ІІ топ ІІІ топ Тақырыбы : Дәрумендер және олардың маңызы



бет1/5
Дата09.10.2024
өлшемі44,82 Kb.
#147512
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәрумендер жжәне олардың маңызы. 7 сынып


Бекітемін:
Оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:____________ Қ.Баянғалиев
Сабақ жоспары
Сабақ :
Күні:
І топ ІІ топ ІІІ топ


Тақырыбы: Дәрумендер және олардың маңызы
Мақсаты: Оқушыларға дәрумендердің адам ағзасындағы алатын орны туралы мағлұмат беру, білімін толықтыру, дамыту.
а) Білімділігі: Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау керектігін ұғындыру.
ә) Дамытушылығы: Оқушы тақырыптың негізгі түйіндерін меңгеріп, оқыту арқылы білім деңгейлерін анықтай отырып, шығармашылыққа баулу.
б) Тәрбиелілігі: түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету;
Сабақтың көрнекілігі: слайд, журналдар
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі


ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Дәрумен — адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді. Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және D дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық дәрумендерді суда еритін дәрумен, майда еритін дәрумен және дәрумен тектес заттар деп бөледі.

Дәрумендердің топтары мен түрлері



Жемістер мен көкөністер құрамында дәрумендер көп
Барлық дәрумендер майда және суда еритіндер деп екі топқа бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет