I. Ұйымдастыру кезені Сабаққа дайындық. Сәлемдесу. 5 Т әдісі бойынша ынта зейіндерін сабаққа аудару.
Ойын арқылы ойнату технологиясы, Сындарлы оқыту теориясына негізделген сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс- тәсілдері: баяндау әдісі, ақпарат құралдарынан жинақталған мәліметтер, түсіндіре-баяндау, миға шабуыл, ой қозғау, салыстыру, талдау, ақпарат беру, сөздік әдістері;
Сәлемдесуді жағымды пікір, ахуал қалыптастыру, бір- біріне тілек, жылы лебіз білдіру
Жаңа тақырыпты баяндау: Жаңа сабақ жоспары: 1. Оқытудың дәстүрлі әдістерінің ерекшіліктері мен маңыздылығы. 2. Музыка сабағын оқытудың дәстүрлі әдістері.
Дәстүрлі әдістердің түрлерінің ерекшіліктеріне,оқыту үшін алатын маңыздылығы.
Музыканы оқыту процесі-оның мазмұнының,әдістері мен ұйымдастырылу амалдарының біртұтастығы болып табылады.Музыканы оқыту әдісін-оқушылардың танымдық қызметіне басшылық ету жолындағы мұғалімнің қолданатын іс-шарасы деп түсіну қажет. «Оқыту әдісі» оқыту тәсілімен мағыналас болғанмен айырмашылығы бар.Тәсіл-әдістің бір саласы,сондықтан «тәсіл» ұғымы «әдіс» ұғымына қарағанда жалқы түсінік.
Музыканы оқытудың дәстүрлі әдістеріне педагогиканың дәстүрлі:
- Сөздік әдіс;
- Түсіндіру әдісі;
- Әңгіме әдісі;
- Әңгімелесу әдісі;
- Көрнекілік әдісі;
- Проблемелы-іздену жағдайын жасау арқылы оқушылардың ой-қиялын өрістету әдістері жатады.
Сөздік әдіс. Бұған әңгімелеу,түсіндіру,әңгімелесу әдістері жатады.Бұл әдістер тақырыптың мазмұнын,мәнін ашуға,оқушыны музыка мазмұнын түсінуге,дұрыс орындауға үйрету үшін қолданылады.
Түсіндіру әдісі. Бұл әдіс көрнекілік пен әңгімелеу жеткіліксіз болған кездерде қолданылады.Мысалы,балығы музыкалық аспаптар түрлерімен таныстырғанда,оған аспаптарды көрсете салу жеткіліксіз,ойнағанда дыбыс қалай шығатыны,оның құрылысы жөнінде қысқаша мағлұмат беріледі: «Домбыра-қазақтың ұлттық төл аспабы».Оны аталарымыз ағаштан ойып жасаған,домбыраның шанағы мен мойыны бар.Шанағының бетінде кішкентай тесік дыбыс шығару үшін ойылған.Екі ішегі бар,оның төменгі жағы шанаққа,жоғары жағы екі құлаққа бекітілген.Бірі босаң ре дыбысына,екіншісі қатқыл сольдыбысына келтіріледі.Дыбысты дұрыс келтіруде шанақ бетіндегі ішектің ролі зор,ал енді одан белгілі бір сазды ойнау үшін мойнына пернелер тағылған,-деген сияқты түсінік беріледі.Музыкалы дидақтикалық ойын шарты үнемі осы әдісті пайдалану арқылы оқушы санасына жеткізіледі.
Әңгіме әдісі. Әңгіменің мазмұны баланың жас шамасы мен түсінігіне сай құрылады.Бастауыш сыныптың оқушыларына айтылған әңгіме көлеменің шағын,қызғылықты оқиғалар желісімен құрылуына да байланысты.Баяндалған оқиғаны өз басынан кешіргендей,дауыс интонациясын құбылта әңгімелеген жөн.Бұл оқушы сезіміне сөзсіз әсер етеді.мысалы, П.И.Чайковскийдің «Щелкунчик» балетінен «Ағаш солдаттар маршын» тыңдатып,оның ойыншықтар маршы екенін түсіндіргеннен кейін: «Балалар бұл маршты П.Чайковский деген композитор жазған.Ол балаларды қатты жақсы көрген.Композитордың сендер сияқты немересі болған.Сол немересінің ағаш солдаттарына арнап жазған екен.Ағаш солдаттар сияқты жүріп көрейікші»-деп әңгімеге тарту дұрыс.
Әңгіме әдісі сабақпен бірге,сыныптан тыс жүргізілетінмузыкалық жұмыстың бірі-лекция-концерттер өткізуде қолданылады.Әңгімелеу бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктеріне қарай,жайырақ қарқынмен,шағын музыкалық шығарманы көбірек талдап,оның әрбір бөлігін қорытындылай отырып жасалады.Мысалы,қазақтың халық әншә-композиторлары жөнінде лекция-концерт ұйымдастырылса,олардың балалық шағынан алынған қызғылықты сәттері мен балаларға арналған шығармаларына көбірек тоқталған жөн.
Әңгімелесу әдісі. Әңгімелесу әдісі—оқытудың сұрақ-жауап тәсілі.Ол музыка сабағының барлық кезең-кезеңдерінде проблемалық мәселені шешуге бағыттау кеңінен пайдаланылады.Әңгімелесу жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында,музыкалық шығарманы оқушылардың бұрынғы білімдеріне негіздей отырып түсіндіруге тура келген жағдайда жүргізіледі.Бұл жағдайда мұғалім тыңдалған жаңа материал бойынша әңгіме бастап,оқушылардың өздері табуға немесе түсінуге болатын жаңа ұғымдарды аңғаруын ұйымдастырады.Мәселен «Ән жанры қайда жетелейді?» тақырыбын түсіндіру үшін мұғалім сұрақ қоя отырып, оқушыларды жаңа тықырыпты түсіндіруге бағыттайды.Мұнда оқушыларға ән жанры,оның орындалу ерекшелігі мәлім Халық әні «Елім-ай» тыңдату арқылы мұғалім сұрақ қою барысында бұл шығарманың ән болып саналатынын мынадай сұрақ-жауап арқылы танытады:
-Неге ән деп ойлайсыздар?
-Музыка байсалды,созыла,дыбыстары жалғастырыла орындалып тұр
-Бұл әннің аты қалай аталады?
- «Елім-ай».
- Енді тағы да музыка тыңдайық та,оның алдыңғы музыкамен ұқсастығы мен айырмашылығын табайық.С.Мұхамеджановтың «Ғасырлар үні» ораториясының «Ақтабан шұбырынды» деп аталатын бөлімінен үзінді тыңдатамыз.
-Әуені ортақ, сол «Елім-ай» әні.
-Өзгешелігі-хор мен оркестр орындап тұр.Одан әрі мұғалім былайша түсіндіреді:
- Көрдіңдер ме, балалар, өздеріңе таныс ән жанры бізді бұрын сендер білмейтін,музыканың жаңа бір жанрына алып келді.Бұл жанр біз білетін төрт жанрдан әлдеқайда күрделірек,оратория деп аталады.Оратория-дегеніміз-қаhармандық немесе эпикалық оқиғаны баяндайтын, симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындалатын,дауыспен,хормен айтылатын вокалдық шығарма.Мұнда композитор халық шығармасын өзінше пайдаланып,сол арқылы халқымыздың ғасырлар бойы зардап шеккен зарын,мұңын беріп отыр.Енді осы шығармаға ат қойып көрейікші,ғасырлар бойы халық зары әуенді үн, музыка арқылы берілсе,бұл оратория қалай аталуы мүмкін?
- «Ғасырлар үні» ораториясы.
Әңгімелесу әдісінің тиімді жері-білімді меңгертудің қай кезеңінде болсын,оқушының ойының дұрыстығын бағалауға мүмкіндік береді,уақытты ұтымды пайдалануға да жол ашады.
Көрнекілік әдісі. Қазіргі педагогикады оқу материалын меңгертуді көрсету арқылы жақсартуға мүмкіндік беретін оқу құралы көрнекі құрал деп аталып жүр.Оған сурет,таблица-сызба,видео-аудио жазбалар,ноталық текстер,музыкалық аспаптарды көрсету т.б жатады.Көрнекілікті пайдалану арқылы баланың музыкалы-сенсорлық мүмкіндігі ,сонымен бірге жалпы музыкалық қабілеттері дамиды.Көрнекі құралдарды көмегімен орындалған музыкалық тапсырма баланың ойлау әрекетін барынша белсенді етеді,оны өз бетінше іс-әрекет жасауға баулиды,яғни,бұл жұмыс ой-толғаныс тудырарлық сипат алады.
Музыкалық дидактикалық құралдарды шартты түрде былайша топтастыруға болады:
1. Музыка характеріне (көңілді,жайдары,мұңды) жанрына (күй,ән,би,маршқа) байланысты оның ерекшеліктерін белгілі бір түр-түстер арқылы көрсету.Нотаны үйретудің дайындық сатысында жеті түрлі ноталық дыбысты жеті түрлі түс арқылы меңгертуге болады.
2. Музыкалық шығарманы тыңдай отырып,орындалған аспаптың үнін ажыратуға баулу кезінде тақта алдына аспаптардың суреті немесе аспаптардың өзі қойылады.бала аспап үнін тыңдап болған соң,сол аспаптың суретін немесе өзін көп аспаптың ішінен тауып көрсетеді.Бұл-оркестрде орындалатын шығарманы танып,қабылдауға дайындық сатысындағы маңызды жұмыстардың бірі.
Проблемелы-іздену жағдайын жасау арқылы оқушылардың ой-қиялын өрістету әдісі.
Бұл әдіс оқушылардың ой-толғанысын жандандырады.Сыныпта тыңдалған музыка мазмұнына сай өлең іздеп табу,әннің мазмұны бойынша сурет салу сияқты тапсырмалар оқушыларға ұнайды.Берілген тапсырмалар баланың ой-қиялын,көркем бейнені түсіне алу қасиетін,музыкалық есту қабілетін дамытуда шешуші роль атқарады.Оқушылардың даму,жетілу сапасы тыңдаған музыкасын талдап,бағалай білуінен,жеке аспаптарды ойнау дағдысының қалыптасуынан, т.б көрінеді.
Адамдардың танымдық іс-әрекеті мен шығарымпаздық қиялдарының ролі зор. Оқушылардың,жалпы балалардың қиялдай білу қабілетінің мәні айрықша.Баланы музыка арқылы қиялдауға үйрете отырып,өмірге дайындаймыз.Бұл проблемалы ізденуге жағдай тудыру әдісі арқылы жүргізіледі.
Ол төмендегі жолдармен сатылы түрде жүзеге асырылады.:
І. Оқушы алдына мұғалімнің қойған мақсаты.
ІІ. Мұғалім мен оқушының мәселені шешудегі бірлескен әрекеті.
ІІІ. Толық жан-жақты жасалған соңғы қорытынды.
Мысалы,талданатын шығарма –Ө.Байділдаевтың «Май жыры»-әні:
Қорытындылау соңында талдауға қатысқан оқушыларға баға қойылады.
Мүндай әдісті пайдалану үшін ең алдымен мұғалім мәселені шешуде қойылатын сұрақтар жүйесін баланың даму деңгейі мен музыкалық білім көлемін ескере отырып жасауы керек.
Қай әдіс қолданылса да жан-жақты ойластырылып,орынды пайдаланғанда ғана ол нәтижесін береді.
Музыкалық білім берудің принциптері
Оқытудың барлық жүйелері-принциптері,мазмұны,әдістері,ұйымдастыру тәсілдерінің бәрі алдымен балаға тәрбие беруді көздейді.Білім,білік дағдыларын меңгерту үстінде тәрбие беру міндетін іске асыру мұғалімнің біліміне,шеберлігіне,тәжірибесіне,сабақтың дұрыс ұйымдастырылуына тікелей байланысты.
Музыка сабағында бір ғана принципті бөліп алып,сол принцип бойынша сабақ өткізу мүмкін емес.Кейде жоспарланып,белгіленген принциптерді басқа принциптерменауыстыра пайдалануға тура келеді.Сабақта ең бастысы-жағдайға сай оқытудың тиімді жолдарын таба білу. Мектептегі музыкалық тәрбие берудің 7 принципі бар.
Ендеше Мектептегі музыкалық тәрбие берудің негізгі принциптерімен таныстырып өтейін.
1.Музыканы оқытудың тиімділік(оптималдық) принпипі;
2. Музыканы оқытудың ғылымилық принципі;
3. Сабақтың жүйелі өтілу принципі;
4.Түсініктілік пен көрнекілік принпипі;
5. Білімнің берік болу принципі;
6.Эмоциялылық пе саналылықтың өзара байланысы;
7.Білім берудің шамаға сай келу принципі.