Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы: Сфера және шар. Сфера бетінің ауданы. Айналу денелерінің жазықтықпен қималары



бет2/3
Дата03.06.2022
өлшемі174,19 Kb.
#36278
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
сабақ жоспар 1

«Бес тілек» әдісі. Студенттер бірінші іштерінен өздеріне 5тілек тілейді сосын сол тілектерді жанындағы жолдасына тілейді.

Жаңа сабақ.
Сфера мен шар қасиеттеріне түсінік.

Шар мен сфераның жазықтықпен қимасы
Жарты дөңгелек өзінің деаметрінен айналғанда шығатын дене –«шар»
Жарты шеңбер өзінің диаметрінен айналдырғанда шығатын дене «сфера» Сфераның(шардың) кез келген екі нүктесін қосатын кесіндіні хорда, ал центрі арқылы өтетін хорданы диаметрі деп атайды.
Жер шар тәріздес. Жердің ең үлкен қимасының шеңбері экватор, ал қалған кіші шеңберлер параллельдер деп аталады. Жарты шеңберлер меридиандар деп аталады.
Шарды(сфераны) жазықтықпен қиғанда пайда болатын кез келген қима дөңгелек(шеңбер) болады. Бұл дөңгелектің(шеңбердің) центрі шардың(сфераның) центрінен қиюшы жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың табаны болып табылады.Сфера ауданының формуласын беру
Анықтама. Жарты шеңбердің өз диаметрінен айналғанда шығатын фигураны сфера деп атайды.
Анықтама. Жарты дөңгелек өзін шектейтін диаметрден айналғанда шығатын фигураны шар деп атайды.
Шар «(О; R) шары» деп белгіленеді, «центрі О нүктесіндегі радиусы R-ге тең шар» деп оқылады.

Шардың беті – сфера, ол сәйкес жарты шеңбердің айналуынан пайда болады.


Сфераны басқаша шар беті деп те атайды.
Центрден қашықтығы радиустан кіші нүктелер шардың ішкі нүктелері, ал центрден қашықтығы радиустан үлкен нүктелер шарға қарағанда сыртқы нүктелер болатыны түсінікті.
Анықтама. Шарға (сфераға) жанама жазықтық деп шармен (сферамен) ортақ тек бір ғана нүктесі бар жазықтықты атайды.
Ортақ нүкте жанасу нүктесі деп аталады. Біз жазықтық мен сфера (шар) осы нүктеде жанасады деп айтатын боламыз.
Теорема. Шар (сфера) радиусының сыртқы ұшында радиусқа перпендикуляр өтетін жазықтық шарға (сфераға) жанама жазықтық болады.
Теорема. Сфераға жанама әрбір жазықтық жанасу нүктесінде радиусқа перпендикуляр болады.

Жұппен жұмыс


№1. Қабырғасы 20 см квадраттың ішіне салынған боялған фигураның ауданын табыңдар.

№2.Тік төртбұрыштың ұзындығы 10см, ені 5 см. Оның боялған бөлігінің ауданын табыңдар?


№3. Радиусы 6 см тең шеңбердің ұзындығын табыңдар. ().

№4..Радиусы 8 смтең дөңгелектің ауданын табыңдар.()



Жеке жұмыс
Оқушылар жеке жұмыс жасау арқылы анықтамалар мен статистикалық мәліметтерді сәйкестендіреді

Шеңбер дегеніміз

жарты шеңберді диаметрінен айналдырғанда алынады

Дөңгелек дегеніміз

сферамен шектелген дене

Шарға жанама жазықтық

бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиынтығы

Сфера

жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігі

Шар

шармен (сферамен) ортақ тек бір ғана нүктесі бар жазықтықты атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет