«Тараз химиялық паркі» АЭА «Тараз химиялық паркі» АЭА 2012 жылдың 13 қарашасында құрылды. АЭА Жамбыл облысындағы Шу ауданындағы 505 гектар жерді алып жатыр. Басты мақсаты — «Қазақстан-2050» мемлекеттік бағдарламасының химия өнеркәсібін (кластерін) дамыту:
қолайлы инвестициялық климатты құру, экспортқа бағдарланған инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту;
импортты алмастыру үшін аймақтық экономикадағы заманауи өндіріс пен инновациялық технологияларды жедел дамыту;
жаңа жұмыс орындарын құру және жергілікті кадрлардың біліктілігін арттыру.
«Тараз химиялық паркі» АЭА 2037 жылға дейін жұмысын жалғастырады.
«Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА Алматы облысы, Панфилов ауданындағы «Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА жалпы ауданы 4 591,5 га құрайды. Үш негізгі аймақты қамтиды – логистикалық, өнеркәсіптік, сондай-ақ «құрғақ порт» көліктік-логистикалық кешені. Ол 2011 жылдан бастап — 2035 жылға дейін жұмыс істейді.
«Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА — Қытай, Орталық Азия және Таяу Шығысты байланыстыратын логистикалық хаб құруға бағытталған.
2023 жылға дейін 13 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Ал 2019 жылы 100 млрд теңгеге 8 жоба іске қосылады. АЭА-тағы жалпы инвестиция көлемі — 521 млрд теңге. Жоспар бойынша 2030 жылы 10 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған.
«Инновациялық технологиялар паркі» АЭА «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА 2003 жылы 18 тамызда Алматы қаласы, Медеу ауданында құрылды. Құрудағы мақсаты:
ақпараттық технологиялар, телекоммуникация және байланыс саласындағы технологиялар, электроника және аспап жасау, жаңартылатын энергия көздері, ресурс үнемдеу және табиғатты тиімді пайдалану;
мұнай және газ өндіру, тасымалдау және өңдеу технологияларын дамыту;
жоғары сапалы өндірістерді құру.
Аталған АЭА 2028 жылға дейін істейді, аумағы — 163,02 гектар.