І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушыларды түгелдеп, олардың назарын сабаққа аудару.
2. Кабинет тазалығына назар аудару, психологиялық ахуал туғызу.
ІІ. Өткен тақырып бойынша, үй жұмыстарын тексеру, бағалау 1. Туризм индустриясына түсініктеме беру
2. Туризм индустриясының үш айырықша қасиетін айқындау
3. Турстік өнімнің түрлері
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру Туристік фирманың менеджменті Барлық қызмет жүйесі екі шағын жүйеге бөлінеді. Оның біреуі өзінің қарауындағы ресурстарды өңдеп, тауарға жəне қызмет көрсетуге айналдыратын шағын жүйе, ал екіншісі — шағын басқару жүйесі, оның міндеті бірінші шағын жүйенің іс-əрекеттерін бақылау жəне оған жетекшілік ету. Əдебиеттерде екінші жүйені басқару жүйесі немесе менеджмент жүйесі деп атайды.
"Менеджмент" деген сөз (ағылшын сөзінен management) "басқарма" деген мағына береді. Қазір нəтижелі менеджмент индустриясы дамыған мемлекеттердің негізгі, ал дамушы елдерде ең керекті ресурсы болып отыр. Жеке мекемелердің экономикалық жағдайы жəне толық экономика күйі 3 негізгі факторларды анықтайды: техника мен технология деңгейі; жұмыс күшінің сапасы; өндірісті ұйымдастыру жəне басқару (менеджмент). Ең соңғы фактор, яғни менеджмент алдыңғы екі факторларға əсер етеді.
Қазіргі басқару жүйесі қарапайым жəне икемді болуы керек. Бірдей əрі мінсіз басқару моделі болмайды, өйткені "əрбір туристік фирма өзінше керемет" — деп туризм саласындағы мамандар дұрыс пікір айтқан. Олардың пікірінше əрбір туристік мекеме өз моделін іздестіру керек, мəселен америкалық компаниялардың көбі жылына бір рет ұйымдастыру жұмысына өзгерістер енгізіп тұрады.
Қазіргі туризм менеджменті саласындағы туристік мекемелердің іс-əрекеттерін жəне ұйымдастыру ерекшеліктерін ескеруі керек.
Туризм саласының басқарылуында бірнеше өзіне тəн ерекшеліктері бар.
Біріншіден, оның терең дамуы (құбылыс ретінде қайда адам болса, сонда туризм болады) жəне элементтерінің өзара байланысының күрделілігі. Туристік мекемелердің көбісі шағын келеді. Ірі мекемелер халықтың ең көп шоғырланған аймақтарда құрылады. Туристік индустрияда көптеген өндіріс, мекеме жəне ұйымдар бар, олар қалай болғанда да бір аймақтық басқару жүйесін негізге ала отырып қызмет атқаруы керек. Оған қойылған міндеттер — туристік қызмет көрсету нарығында ұзақ уақыт жұмыс атқарып, нəтижесінде бəсекелестерінің алды бола білуі керек. Барлық туристік индустрияны жəне аймақты бақылап, сонымен қатар талдаулар жасап тұруы қажет. Осындай жағдайларда менеджменттің көмегімен барлық аймақтың, сондай-ақ жеке туристік ұйымдардың даму стратегиясы жасалынбақ.
Басқарудың объектісі ретінде туризмнің екінші ерекшелігіне өлшенуі қиын жəне түсініксіз мақсаттарды жатқызуға болады.
Жеке мекеменің менеджменті үшін іс-əрекеттері табыс алуға бағытталған, нақты өлшемді мақсат болуы шарт, ол — құндылықты көбейту, бос ақшаны айналысқа толассыз жіберу, табыс келтіру жəне басқалар. Туристік ұйымның менеджменті үшін ондай мақсаттар мекеме деңгейінде де, аймақ деңгейінде де болмайды. Сол үшін туристік ұйымның өлшемді мақсаттары болмайды, сондықтан да оның өндірістік қабілетіне жəне жетістіктеріне нақтылы баға беруге болмайды.
Туризм менеджментінің үшінші ерекшелігі — оның аймаққа əсерінің шектеулілігі. Жеке туристік мекеменің басқару мамандары жарғыда көрсетілген өкілдік бойынша өздерінің шаруашылық іс-əрекеттеріне байланысты барлық жұмыстарға тиісті шешім қабылдай береді. Туристік ұйымның менеджментінің ондай өкілдігі жоқ. Туристік ұйым мемлекет қаржысын пайдаланып, мемлекеттік шаруашылықпен айналысады, сондықтан да оларға мемлекет саясатының ықпалы басым. Менеджмент өз аймағындағы саяси күштерге көңіл аударуға тиісті, өйткені оның мамандары еңбек ақыны үкімет бюджетінен алады.
Туризмнің төртінші ерекшелігі — мүдделі туристердің сырттан тигізетін əсері. Туристік мекеме мен ұйым көптеген мүдделі адамдар жəне тұтынушылармен жұмыс істейді, олардың қызығу себептері де əр түрлі, сонымен қатар оларға қатты əсерін тигізеді. Туристік ұйым жəне мекеме кредиторлармен, саяси құрылымдармен, қала басшыларымен, туристермен бірігіп жұмыс атқарады.
Басқару объектісі ретінде туризмнің ең маңызды бесінші ерекшелігі — туристік өнімнің айрықшылығы, оның өндірілу көзімен бірге қалыптасуы. Өйткені туристік өнім көрсетілетін туристік қызмет арқылы ғана өндіріледі, жоғарыда айтылғандай, оны қоймада сақтау немесе көлікпен басқа бір жерге жіберу мүмкін емес. Бірден туристер көп келеді деп те болжам жасауға болмайды. Сол себептен де туризм менеджментінде өз қызметкерлеріне көңілді көбірек бөлген жөн.
Туризмнің алтыншы ерекшелігіне туристік өнімнің сыртқа тигізетін əсерін жатқызуға болады. Мұндағы көзделген мүдде — туристердің қоршаған адамдармен қатынасы. Бос уақытында өткізген саяхат — бұл басқа саяхатшылармен жəне жергілікті тұрғындармен əңгімелесіп, катынас жасау. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, келген қонақтың (туристің) мəдени қатынасы оны қабылдаушыларға жəне басқа да туристерге үлкен əсерін тигізеді. Туризм адам өмірінің əр түрлі саласына — экономикаға, экологияға, саясатқа (олар өз ретінде туризмге) əсерін тигізеді. Туристік аймақ келген туристерден табыс табатындықтан жергілікті бюджеттің деңгейін көтереді. Егер де түскен табыстан жер бедерін, көркін сақтауға, қорғауға ақша бөлінсе, туризм аймақтың экологиясы үшін де пайдалы. Бірақ та кейде туризм жергілікті тұрғындардың қарсылығын туғызуы мүмкін, онда бұл аймақта туризмді дамыту қиын болады. Бұндай жағдайда туризмді жоспарлау жəне қалыптастыру үшін жалпы қоғамның көмегін қажет етеді. Бұл процестерге барлық сатыдағы мамандар топтарының (экономистер, экологтар жəне т. б.) қатысқаны жөн.
Туризмнің жетінші ерекшелігі — бұл туристік сұраныстың айрықшылығы, негізгі үш себебіне қарай біркелкі емес.
Бірінші себебі — туристік өнімді не сезінуге, не сақтауға мүмкін еместігі болып табылады. Туристік көрсетілетін қызметті келісім жасау барысында тауарлар ретінде тану қиын, сондықтан туристік фирманың менеджерінің жұмысындағы күрделілік — ол өздері көрсететін кызметтің сатып алушы үшін пайдалылығына көз жеткізу.
Екінші себебі — туристік қызметті пайдаланушылардың əртүрлілігі. Əр түрлі дəрежедегі туристер сапар мақсатымен, туристік қызметке қоятын талабымен, төлем бағасымен бір-бірінен айырмашылықта болады. Туристердің əрбір түріне сəйкес туристік нарық түрі керек, сондықтан да туристік қызметтің өндірушілері демалушылардың белгілі бір, яғни табысты
мол əкелетін түрлеріне бейімделуі жөн.
Үшінші себебі — қоғамдық факторлардың мəнінің жоғарылылығы — елдегі экономикалық жағдай, экология, əлеуметтік факторлар жəне басқа да себептер.
Туризмнің сегізінші ерекшелігі — басқару объектісі ретіндегі туристік қызметтердің кешенді түрде көрсетілуі. Шынын айтқанда, туристік қызмет дегеніміз — бұл саяхат кезіндегі жəне демалатын орындардағы туристке ұсынылатын қызмет. Мұнда кейбір жеке туристік қызметтер бір-бірін толықтырып тұрады.
Туризм менеджменті үшін ең маңыздысы "толықтырушы" деген түсінік. Мысалы, турист демалысқа шыққанда баратын жерінде түнейтін орын мен тамақтанатын жері болмаса, онда оның саяхатқа шығуы да мүмкін болмайды. Мəселен, шаңғышы баратын қонақ үйінің қасында шаңғы тебуге мүмкіндік болмаса, саяхаттан бас тартады. Бұл туризм саласындағы жеке қызметтердің өзара тығыз байланыстылығын көрсетеді.
Туризмнің тогызыншы ерекшелігі — оның мезгілдік болуы немесе туристік қызметтің мөлшерінің табиғи-климат жағдайына байланыстылығы. Туризм менеджменті бұндай құбылыстарды міндетті түрде ескеруі қажет, өйткені сұраныстың күрт төзгеруі барлық туризм индустриясының жұмыс жағдайын нашарлатып жіберуі мүмкін. Сонымен, туризм саласындағы басқарма өзінің табиғаты жағынан біртекті емес: ол кейде жеке жəне ұжымдық еңбектің өзара байланысының функциясының бірлігі ретінде де көрінуі мүмкін. Басқарма дегеніміз жетекші органның мақсатты түрдегі ықпалы: сервис қызметінде туристердің қажеттерін толық өтеу, жұмыстың сапасын көтеру жəне табыстың түсімін қамтамасыз ету.
Жоғарыда айтылған туристік саланың ерекшеліктері басқарудың объектісі ретінде туристік бизнестің менеджменттері келесі мəселелерді жақсы түсінуі керектігін көрсетеді, яғни бұл сала толығымен басқа салаларға ұқсамайды, сондықтан да басқарудың моделін басқа бір қызмет саласынан туризм саласына аудара салу мүмкін емес.
Туристік мекемені басқарудың келесідей ерекше сипаттары болады:
— туристік іс-əрекетті (шаруашылықты) жоспарлағанда ең алдымен туристердің мүдделерін, қажетін жəне тілектерін ойластыру керек;
— қазіргі əлемде сауықтыру жəне даму құралы ретінде туризмнің маңызы өте зор болғанымен, ол экономика, экология, саясат конъюнктурасына өте тəуелді, сондықтан да туристік өнім тіршілік үшін ең бірінші қажеттілік болған емес;
— туристік салада маркетингтің маңызы едəуір жоғары, себебі, туристік қызмет көрсетуші өз тауарының үлгісін туристің көз алдына келтіре алмайды, сондықтан да ол өзінің тауары (қызметі) туралы дəлел табуы керек, бұл тек жақсы жүйеге қойылған маркетингпен ғана орындалады;
— туристік қызмет мəні жағынан өзінің ешбір аспектісінде қайталанбайды. Тіптен бір фирманың екі турының өзі бір бағытпен өтетін қызметтерінің мəні жағынан бір-біріне ұқсамайды (сапар бағыты, көрсетілетін қызметі, көлік құралдары, барған еліндегі оқиғалар жəне т. б.).
Туристік фирманың құрылу ережелерін оның алдына қойған мақсаттары мен стратегиясы анықтайды. Туристік фирманың мақсаты — оның жарқын болашағы. Туристік мекемелер мақсаттарына байланысты үш топқа бөлінеді — экономикалық, фирмалық жəне əлеуметтік.
Экономикалық мақсаты табыстың ұзақ мерзімге жоғары деңгейде болуы жоспарланып, орындалуын көздейді. Фирмалық мақсаттары фирманың атағын шығарып, абырой беделін (жердің, аймақтың, елдін атағын) жақсартады. Əлеуметтік мақсаттары табыстары төмен халықтар үшін туристік өнімдерді өндіруді, дамытуды міндетіне алады.