Қимыл –сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Бағыныңқысы басыңқыдағы істің, амалдың қалай орындалғанын білдіретін сабақтастың түрін қимыл сын бағыныңқы сабақтас дейміз
Қимыл-сын бағыныңқы сөйлем қалай? Қайтіп? Не етіп? Деген сұрауларға жауап береді.
ІІ топ:
Қимыл-сын бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:
1) көсемшенің –а/-е/-й, -ып/-іп және жұрнақты түрлерінен болады: Сұрғылт тұман дым бүркіп, Барқыт бешпент сулайды. (Абай.) Ұзын кірпіктері қыбыр-қыбыр етіп, Манар әлдене бір шуылдаған дыбыстарды естіп жатты. (Х. Ес.) Жалтыр мұзда ешбір салмақ түсірмей, шана өзі сырғанап келе жатқан тәрізді. (Ә. С.)
Ескерту. Баяндауышы көсемшеден болған кейбір бағыныңқы сөйлемдер басыңқыдағы істің, амалдың қалай орындалғанын білдірмей, тек онымен амалдас, мезгілдес болып келеді. Мұнадайда ол бағыныңқыға қимыл-сын бағыныңқының сұрауын қойып айтуға келмейді. Бірақ ондай бағыныңқы сабақтастарды да шарты түрде қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың қатарына жатқызып жүрміз. Мысалы: Әуеде жыршы құстар өлең айтып, қиқу салар көлдегі қаз бен қу. (Абай) Сырттағы қазандықта от жарқылдап, қазан да көтерілген-ді. (Ғ.С.) Бұл сөйлемдерде бағыныңқыдағы іс пен басыңқыдағы істің бір мезгілде қатар болып жатқандығы баяндалады.
ІІІ топ.
2) Есімшеге (-ған/ген, -қан/кен) –дай/-дей, -тай/-тей жұрнағы жалғану арқылы жасалады: Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлық жатты. (М. Ә.)
Кейде –дай/-дей, -тай/-тей жұрнағы есімшеден кейін етіп, болып көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады: Күдері сөзінен Жақыпбектің де жүрегіне жып-жылы бір сезім құйылғандай болып, орнынан ұшып түрегелді. (М. И.)
ІҮ топ.
3) Есімшеден кейін (-ған/ген, -қан/кен) күйі, күйінде, қалпы, қалпында, бетте деген көмекші есімдердің тіркесуі арқылы жасалады: Бала, қоңырқай сопақша беті күреңденген күйі, еріксіз үзілген жұмысына қайта кірісті. (Х. Ес.)
Ү. Болымсыз етістікке (-ма/ме, -ба/бе, -па/пе)+с (ортақ етіс жұрнағы) + (-тан, -тен) Екі қолы дірілдеместен, Оспан ішке кірді.
«Тікелей эфир» әдісі бойынша қимыл-сын сабақтас құрмалас сөйлемді түсіндіру. Жасаған постерлерін қорғау үшін әр топтан бір адамға рөл беріп «Тікелей эфирге» қонаққа шақырамын. 4 оқушы өз топтарының таныстырылымын ортаға салады. Қалған студия көрермендері тікелей эфирге телефон шалып сұрақ қояды. Қонақтарға баға береді.
Достарыңызбен бөлісу: |