Сабақ жоспары: Теориялық сұрақтарға жауап беріңіз


Есімді немесе номинативті сөйлемдер дегеніміз



бет8/11
Дата15.10.2023
өлшемі188,5 Kb.
#115252
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
жай сойлем практика тапс (1)

Есімді немесе номинативті сөйлемдер дегеніміз ─ бастауышы зат есімнен не есім сөздерден болған сөйлемдер. Есімді сөйлемге бас мүшесі есім не есімді тіркестен жасалған бір құранды сөйлем жатады.
Бастауышы етістіктен болған сөйлемдер етістікті сөйлемдер деп аталады.
Тапсырма. Т.Сайрамбаевтың «Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі» (Алматы: Рауан, 1991, 106-114-бб) аралығынан «Сөз таптары, олардығң сөз тіркестеріне қатысы туралы» тақырыбын оқып, конспектілеп, мазмұндаңыз.
Блиц тест құрастырыңыз.
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997.205-213-бб
Р.Әмір, Ж.Әмірова Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 82-94-бб.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 592-605-бб.622-625-бб.-бб.
9- практикалық сабақ тақырыбы. Сөйлемнің болымды, болымсыз, толымды, толымсыз, жақты, жақсыз, жалаң, жайылма, белгілі жақты, жалпылама жақты түрлері. Бастауыш пен баяндауыш, түрлері, жасалуы тұлғалары
Сабақ жоспары:

  1. Теориялық сұрақтарға жауап дайындау:

  1. Болымды және болымсыз сөйлемдер, олардың жасалуы

  2. Толымды және толымсыз сөйлем, олардың жасалу жолдары

  3. Жақты сөйлем, оның түрлері, жасалуы

  4. Белгісіз жақты, жалпылама жақты сөйлемдер

  5. Жақсыз сөйлем және оның жасалу жолдары

  6. Бастауыш және оның түрлері, жасалуы

  7. Баяндауыш, түрлері, жасалуы

  1. Жаттығулар орындау

2.1 Көркем әдебиеттен болымды, болымсыз, толымды, толымсыз, жақты, жақсыз, жалаң, жайылма сөйлемдерге бір-бірден мысал теріп, оған синтаксистік талдау жасаңыз.
2.2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар:
Мезгіл – кешкі уақыт. Күні бойы сіркіреп ақ жауын жауған. Ауа сыз, бұлыңғыр. Вокзал үйіне кірдім. Жұрт автобусқа жайғасып отырып алған екен. Кәдімгі кішкене автобус. Арт жақтағы ұзынша орын бос. Екеуіміз жол-жөнекей жөн сұрастық.

  • Осында тұрасыз ба?

  • Осында тұрамын. Өзіңіз қайдан келесіз?

  • Командировкаға келе жатқан газет қызметкерімін.

  • Е-е.

  • Мұнда қонақ үй бар ма?

  • Бар.

Түс қайта әрқайсымыз өз шаруамызға кірістік. Түс көресің. Шатасасың. Бәрібір ұйықтайсың –ау әйтеуір. Автомобильдерде тоқталыс жоқ. Оларды паромда кезексіз өткізеді. Отан қоймасына құйылып жатқан ақ күрішті кідіртуге болмайды. Өмірімде тұңғыш рет редакцияға хат жазуыма тура келді.
Бақылау сұрақтары:

    1. Болымды-болымсыз сөйлемдерді ажырату шарты қандай?

    2. Болымсыз баяндауыштардың жасалу жолдары қандай?

    3. Жақсыз сөйлем жасауға қатысатын баяндауыштардың жасалуы қандай?

    4. Толымды сөйлем дегеніміз не?

    5. Толымсыз сөйлем дегеніміз не?

    6. Белгілі жақты сөйлемнің жасалуын атаңыздар.

    7. Жалпылама жақты сөйлемдердің жасалуын түсіндіріңіз.

Глоссарий
Жақты сөйлем – грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай, оның қай сөз екенін баяндауышпен ұластыра, атау арқылы білуге болатын сөйлем.
Жақсыз сөйлем – бастауышы жоқ, оның орны жоқталмайтын, айтылған іс-әрекет баяндауыш арқылы үш жаққа бірдей ортақ ұғымда жұмсалатын сөйлем.
Белгісіз жақты сөйлем – грамматикалық бастауышы ерекше айтылмай, істелген іс-әрекет, әйтеуір бір белгісіз субъектілерге тән болып ұғынылатын сөйлем.
Жалпылауыш жақты сөйлем – баяндауышы 2-жақтың жіктік жалғауында тұратын, бастауышы арнайы айтылмай, үш жаққа бірдей ортақ мағынада жұмсалатын сөйлем.
Толымды сөйлем – ойға қатысты мүшелері түгел айтылған сөйлем.
Толымсыз сөйлем – ойға қатысты мүшелері түгел айтылмаған сөйлем.
Бастауыш – сөйлемде айтылған ойдың кім, не туралы екенін атап, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысты екенін білдіретін сөйлем мүшесі.
Баяндауыш – предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесі.
Тапсырма. Р.Әмір мен Ж.Әмірдің «Жай сөйлем синтаксисі» оқулығынан «Баяндауыш және оның түрлері» мәселелеріне қатысты пікірлерді оқып, мазмұндауға дайындалыңыздар.
Блиц-тест құрастырыңыздар
Әдебиет
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997.205-213-бб
Р.Әмір, Ж.Әмірова Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 82-94-бб.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 592-605-бб.622-625-бб.-бб.
10- практикалық сабақ тақырыбы. Бастауыш, жасалуы, түрлері. Баяндауыш. Жасалуы, түрлері, тұлғалары.
Сабақ жоспары:

      1. Бастауыш, жасалуы, түрлері.

      2. Баяндауыш. Жасалуы, түрлері, тұлғалары.

  1. Теориялық сұрақтарға жауап дайындау:

1 Бастауышқа берілген анықтамалар
2 Бастауыштың сұрақтары, жасалуы

      1. Бастауыштың түрлері

      2. Баяндауыштың анықтамасы

      3. Баяндауыштың сұрақтары, жасалуы

      4. Баяндауыштың түрлері

  1. Жаттығулар орындау

1Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз
Бір сәтте үйге Нұрекеңнің үйіндегі жеңгеміз кірді де, Баукеңнің бетіне күлімдей қарап:

  • Ей, жігіт, тамақ даяр болып қалды, қолыңды шай, – дегені мұң екен, Баукең, о сұмдық, жеңгесінің жылы сөзі құлағына тиер уақытын күтіп жатқандай, майпаң қағып, жүзі жадырап шыға келді:

Жақсы жеңге қайнысының қарнын бағады, төсегін қағады, жаман жеңге қабағын шытады! Есть, товарищ! – деді де, шөккен түйедей ырғала қимылдап орнынан тұрды
2 Баяндауышы есім сөзден, етістіктен жасалған 10 сөйлем, бастауышы есім сөзден және етістіктен жасалған 10 сөйлем теріп жазып, тұрлаулы мүшелеріне сипаттама беріңіз.
Бақылау сұрақтары:
Бастауыш дегеніміз не?
Бастауыштың қандай түрлері болады, олар қалай жасалады?
Баяндауыштың анықтамасы қандай?
Баяндауыштың жасалу жолы мен түрлерін атаңыз
Глоссарий


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет