III – кезең. Ой толғау (оқушылардың жаңа сабақты қалай менгергенің түсіну үшін арнайы сұрақтар мен тапсырмалар орындалды).
Орбиталь ұғымын қалай түсінесіндер?
Электрон бұлты оның ядро маңында көбірек болатын орнын, яғни кеңістігін сипаттайды. Электрон бұлты болатын кеңістікті орбиталь деп атайды. Электроның ядроға тартылу энергиясы нені сипаттайды?
Атомның барлық электрондары жиналып, оның электрондық қауызын құрайды. Өзара энергиясы жуық электрондар атомының электрондар қабатын түзеді. Электрондық қабаттар рет нөміріне қарай 1, 2, 3, т.б. деп белгіленеді. Әр қабаттағы орбитальдардың өзіндік энергиясы мен пішіні болады. Шар тәріздес электрон бұлтын s–электрондары деп, ал орбитальдың өзін s-орбиталь деп атайды.
s- және p-электрондық орбитальдардың пішіні қандай болады?
Электрондар ядро маңында гантель тәріздібұлт түзіп қозғалады да p- орбитальдарды береді. P-электрондар түзетін мұндай p - орбитальдар ядро маңындағы кеңістегі координациялардың 3 осі (x, y, z) бойынша орналасатындықтан, px, py ,pz орбитальдары деп бөлінеді. "Энергетикалық деңгейшелер" деп нені атайды?
Химияда электрондық қабаттағы орбитальдардың қабаттағы орбитальдарды энергетикалық деңгейше деп те атай береді. Сонда s- орбитальды s- деңгейше, p –орбитальды p –деңгейше деп атауға болады.
Мына элементтердің электрондық құрылым формуласын жазындар: