Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4B бөлім: Алгебралық бөлшектер
|
Мектеп: НЗМ Қостанай қаласы
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Жабықбаева А.Х.
|
Сынып: 7
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Алгебралық бөлшек және оның негізгі қасиеті
|
|
Сабақ түрі
|
Жаңа сабақ (зерттеу сабақ)
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
7.2.1.18
алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін қолдану:
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушыларға жалпы бөлшектер туралы, алгебралық өрнектер туралы білетін білімдерін қайталата отырып, алгебралық бөлшектердің негізгі қасиетін игерту, түсіндіру және оны есеп шығаруда қолдана білу дағдысын қалыптастыру
|
Бағалау критерийлері
|
Оқушылар алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін оңнан солға, солдан оңға қарай қолданады
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар төмендегі сөздерді, математикалық терминдерді сөйлемдерде дұрыс пайдаланып және контексін ашып, математикалық тілде сөйлем құра білу.
Арнайы лексика және терминология: бөлшек, бөлшек алымы, бөлімі, бүтін өрнек, алгебралық өрнек, көпмүше... .
Диалог пен жазу жүргізу үшін сөздердің пайдалы жинағы:
Алгебралық өрнек... ; бүтін өрнек дегеніміз ......; алгебралық бөлшек өрнек дегеніміз ....; бөлшек өрнектің мәні дегеніміз.....; бөлшек нөлге тең болады,егер ...; ...нөлге бөлуге болмайды; бөлшектің ....... нөлге тең болмауы керек.т.с.с
Сөздік
Алгебралық өрнек- Алгебраическое выражение- Algebraic expression
Алгебралық бөлшек- Алгебраическая дробь- Algebraic fraction
Айнымалының мүмкін мәндерінің облысы- Область допустимых значений переменной - Admitted region of variable, tolerance range of variable
Көбейткіштерге жіктеу- Разложение на множители – Factorization
Бөлшекті қысқарту- Сокращение дробей - Reduction of fraction
|
Құндылықтарды дарыту
|
оқушылардың ойлау қабілеттерін, таным белсенділігін арттыру, оқушыны ұқыпты тыңдауға, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдай білу мақсатында өз білімін нақты көрсете алуға дағдыландыру
|
Пәнаралық байланыстар
|
Ағылшын тілі
|
АКТ қолдану дағдылары
|
ИТ, http://interneturok.ru/ru/school/algebra/8-klass/algebraicheskie-drobi-arifmeticheskie-operacii-nad-algebraicheskimi-drobyami
|
Бастапқы білім
|
Алгебралық бөлшек. Алгебралық бөлшектегі айнымалының мүмкін мәндер жиыны. Бөлшектерді қысқарту. Көбейткіштерге жіктеу.
|
|