Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8.4.А. Жарық құбылыстары.
|
Мектеп: №4 ЖОББМ
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Танабаева Г.С.
|
Сынып: 8
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Көз – оптикалық жүйе, көздің көру кемшіліктері және оларды түзету әдістері.
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
|
8.5.1.15 – көздің алыстан көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау.
|
Сабақ мақсаттары:
|
Көздің құрылысын, көз бөліктерінің қызметін білу
Көздің көру кемшіліктерін атау, түрлерін атап, ажырату.
Көздің көру кемшіліктерін түзету әдістерін сипаттау, өмірден мысалдар келтіру.
Жакыннан көргіштікті жасанды түзетуде шашыратқыш линзаны, ал алыстан көргіштікті жасанды түзетуде жинағыш линзаны қолдану себебін түсіндіру.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі:
|
Білу, түсіну, қолдану.
|
Бағалау критерийі:
|
1.Көздің құрылысын және оның қызметін түсіндіреді.
2.Көздің көру кемшіліктерін және түрлерін атай алады, көздің көру кемшіліктерін түсіндіре алады.
3.Көздің көру кемшіліктерін: алыстан көргіштік және жақыннан көргіштікті түзету әдістерін сипаттайды, өмірден мысалдар келтіреді.
|
Тілдік мақсаттар:
|
Пәнге тән лексика мен терминология: склера, оптика, линза, аккомодация, алыстан көргіштік, жақын көргіштік, қасаң қабық және т.б.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Склера - көз алмасының сыртқы қабығы.
Аккомодация - әртүрлі қашықтықтан қарағанда көз бұршағының қисықтығын өзгертіп, көз торламасында нәрсенің кескінін беретін қасиеті.
Алыстан көргіштікті - түзету үшін дөнес жинағыш менискілік линзалы көзілдірік пайдаланады.
Жақын көргіштікті - түзету үшін ойыс, шашыратқыш линзалы көзілдірікті пайдаланады.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Көздің оптикалық жүйесі қалай құрылған ?
Оның бөліктері қандай ?
|
Құндылықтарға баулу:
|
Зайырлы қоғамда тәуелсіз елдің саналы ұрпағын, үздіксіз білім алуға,сыни ойлауға,өзгелердің пікіріне құрметпен қарап, ынтымақтастықта жүмыс жасауға бағыттау.
|
Пән аралық байланыс:
|
Математика – өлшем бірліктерді түрлендіреді, есептеулер жүргізеді.
Биология – көздің көру мүшесі екенін, құрылысын, адам тіршілігіндегі қызметін біледі.
Геометрия – кескіннің өлшемін сызады.
|
Бастапқы білім:
|
Оптикалық аспаптармен таныс, оптикалық аспаптардың түрлерін ажырата алады.Өткен тақырыптардан оптикалық аспаптар,түрлері туралы біледі.
Биология курсынан көздің қызметі, құрылысы туралы біледі.
|
|