Бағалау критерийі:
Оқушылардың мәтінді түсінгендігі ескеріледі.
Оқушылардың мәтінді аяқтаудағы өзіндік идеялары ескеріледі.
Жұлдызшалар арқылы бағаланады.
Жазылым тапсырмасы:
«Қазіргі қоғам мен ертедегі қоғамдағы рулар арасындағы байланыстың айырмашылығы» тақырыбына эссе жазу.
3- тапсырма:
«Әдеби шеңбер» әдісі. (Топтағы оқушылар өзара рөлге бөлінеді: талқы себепшісі, белгілеуші, байланыстырушы,қорытындылаушы)
1. Талқы себепшісі – мәтіннің мазмұны бойынша бес сұрақ құрастырады (кейіпкерлері, сюжет, қарым-қатынас т.б. бойынша).
2. Белгілеуші – мәтіндегі кейіпкерлердің образын іс-әрекеттері арқылы мәтіннен тауып, қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді.
3. Байланыстырушы – тақырыпты өмірмен байланыстырады.
4. Қорытындылаушы – көтерген мәселесін қорытындылап, типтік бейнелерге мінездеме береді. Әр топтан бір-бір спикер қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |