(М,Т) Əуенді үйренгеннен кейін мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп, бəдікті тау мен найзағайға көшіруді тапсырады.
– «Көш-көш» сөздерін найзағайға көшіргенде қысқа
(стакатто), тауға көшіргенде созылыңқы орында. Мысалы:
Оқулықта найзағай, тауға көшірген мысалдар келтірілген. Оқушыларға басқа шығармашылық тапсырмалар берілген.
– Өзің де бəдікті ағын суға, құйын желге көшір. Бұл мысалдардың барлығында оқушылар «Көш, көш» сөздерін берілген ноталармен немесе басқа да жансыз табиғат бейнесін бейнелейтін əуенді тауып алып, аспаптың немесе өзінің дауысымен көшіретіндей суырыпсалма жасауы керек.
Мысалы:
Барады бəдік кетіп-ау, құйын желге-ау, Гуілдеп көкке ұшқан-ау, құйын желге-ай, көш!
Сабақтың соңы
6-тапсырма.Таныстыру жəне бағалау.
(Ұ) Оқушылар сыныптастарымен бірге жұмыстарын таныстырып, бағалайды.
Не жақсы шықты?
Қандай қызықты тақырыптар қолданылды?
Қай тұстарды толықтыруға болады?
Саралау – Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау– Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасының сақталуы
Қабілеті жоғары оқушыларға композицияны орындау барысында музыканың
көркемдеуіш құралдарын
Бақылау;
Бағалау өлшемдері мен дескрипторлар бойынша;
Денсаулық сақтау технологиялары
анықтауға тапсырма беруге болады.
Əн орындау кезінде оқушылар бірін-бірі өзара бағалайды.