2-тапсырма. Орындау.
(М,Т) Жалпы сабақ қорытындылаушы сабақ болған- дықтан, мұнда тапсырма өткен материалдарды қайталауға құрылған.
Топтық өнер сайысына қатыс, өткен сабақтағы əн, терме, айтысты қайтала.
Шарты: 1-топ. «Елім-ай» əнінің тарихын айтып, əнді топпен бірге көркемдеп орындайды.
2-топ. «Жақсы мен жаман» термесінен жақсы адамды сипаттайды. Термені бір ғана орындаушы орындайды, 2, 4, 6, 8-тармақтардағы соңғы сөзді барлығы топпен қосылып орындайды.
3-топ.«Жүгіріп шықтым белеске» қазақтың халық əнінің қайырмасын ұрмалы аспаптарды қосып орындайды. Оқулықта ырғақ үлгілері де ұсынылған. (ОТ) Əр топқа берілген тапсырма орындалатын шығарма түрінің шағын түрленімін қажет етеді. Оны оқушылар өздері бірге талқылап көрсетуі керек.
Топтарға дайындық уақыты беріледі
3-тапсырма.Суырыпсалма.
(МК,Ұ) Мұндағы қайталау жұмыстары айтыс тақырыбымен байланысты. Оқушыларға өз мектебі, сыныптастары жөнінде қайым айтыс құрастырып, өзіне ұнаған əуенге салу тапсырылады. Қайым айтысқа түсініктеме де қарастырылған.
«Қайым айтыс – қысқа айтыс түрі, өлеңнің 1, 2- жолдары қайталанып, негізгі ой өлеңнің 3–4- жолдарына беріледі».
Берілген үлгі де өзіне таныс.
Үлгі: Өзіңаяқта:
Біздің мектеп жаңаша, Біздің мектеп жаңаша, Асығамыз барғанша. Асығамыз барғанша.
Қамқор болған ұл-қызға ...................................
Ұстаздарым тамаша. ..................................