«Музыкада уақытты бейнелеуге болатынын, алайда музыка уақыт шеңберінде қалып қоймайды» деген мəселе «Музыка уақыт толқынында» тақырыбының негізін құрайды.
1-тапсырма.Музыка тыңдау жəне талдау.
(МК, Ұ) Музыкалық материал ретінде күйші Дəулеткерейдің «Көрұғлы» күйі алынған.
Көрұғлы жөнінде балаларға қысқаша мəлімет беріліп өтіледі:
«Көрұғлы батыр туралы естідің бе? Өзіңе таныс қазақ батырлары Алпамыс, Қобыланды сияқты Көрұғлы да
елін, жерін жаулардан қорғаған батыр. Көрұғлы батыр туралы жыр-терме, күйлер де бар. Батыр ерлігін күй арқылы жеткізген композиторлардың бірі – күйші Дəулеткерей.
Дəулеткерей Шығайұлы (1820–1887) Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ұлы күйші композитордың «Жігер», «Ақ желең», «Қосалқа» күйлері халық арасына кең танымал».
Мұғалім «Көрұғлы» туралы жырлардың Дəулет- керейге дейін де жырланғанын айтып өткені дұрыс.
TfiodHY https://www.youtub e.com/watch?v=Oe6 MeHT0Q7I
Ұлытау https://www.youtube.com/watch?v=n1it2t7TS8c