3-тапсырма. Суырыпсалма.
(МК,Ұ,Т) 3-тапсырма «Көрұғлы» күйінің эстрадалық нұсқадағы жасырынған ноталарды табуға жəне əуенін орындауға арналған. Оқулықта берілген нота үлгілерін оқығанда мұғалім балаларға көмектесу керек. Топтық орындау алдында балалар негізгі интонация əуенін жақсы сезіне білуі тиісті.
Бірінші топ: Екінші топ:
Күйдегі ноталық мысал негізінде оқушылар паузамен, оның түрлерімен танысады.
4-тапсырма. Таныстыру.
(Т) Оқушылар топтық жұмыстарын таныстырады.
5-тапсырма. Орындау.
«Мəңгілік ел жастары» əнін үйрену (Өлеңін жазған: Ə. Дүйсебек, Əнін жазған: Ш. Мырзамұратов). (МК,Ұ) Əн əуені орындауда айтарлықтай қиындықтар тудырмайды. Мұнда негізінен сөздің дұрыс айтылуына көңіл бөлінуі керек. Қайырмасы мен шумақ ерекшеліктері, формасы жөнінде мұғаліммен бірге талқылап өту керек.
|
Үнтаспа
|
Сабақтың соңы
|
Шығармашылық тапсырма. Сабақтың соңында балалармен бірге өзінің болашағы туралы, алдағы
жоспарлары туралы шағын шығарма жазып келуін тапсыруға болады.
|
|
Саралау –
Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау –
Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Қабілеті жоғары оқушыларға композицияны орындау барысында, музыканың көркемдеуіш құралдарын анықтауға тапсырма беруге
болады.
|
Бақылау;
Бағалау өлшемдері мен дескрипторлар бойынша;
Əн орындау кезінде оқушылар бірін-бірі өзара бағалайды.
|
Денсаулық сақтау технологиялары
Сергіту сəттері мен белсенді іс-əрекет түрлері
|
|