айналысуға шақырады. Əн тез игеріледі, сөздерінің тəрбиелік маңызы басым.
(МК,Ұ) Əнге байланысты музыкалық сауаттылыққа музыкадағы 2/4 өлшемі қарастырылады, салыстыр- малы 3/4 өлшемі де аталып өтіледі.
«Уақыт өлшемі сияқты музыканың өз өлшемі болады. Сен орындағын «Сырлы сағат» əнінің өлшемі – 2/4. Бұл өлшем бір тактінің ішіндегі ұзақтықтың екі төрттік нотаға (1-еу, 2-еу) саналатынын көрсетеді. Егер өлшем 3/4 болса, онда бір тактінің ішіндегі ұзақтықтың 3 төрттік нотаға (1-еу, 2-еу, 3-еу) саналатынын көрсетеді. Мұғаліммен бірге 2/4, өлшемдерін оң қолыңмен сермеп көрсет».
Мұғалім басқа да мысалдар көрсете алады.
5-тапсырма. Суырыпсалма.
(МК, Т) Тапсырма түрі «Сағат тілі» атты ойын түрінде берілген. Оқушыларға «Сырт-сырт-сырт сыртылдап, сағат тілі соғады» сөздерін пайдалана отырып, 4 тактілі музыкалық сөйлемге 2 дауыста суырыпсалма жасау тапсырылады.
Оқулықта ойын шарты да көрсетілген.
«Сағат сыртылын берілген нотаға қарап, екі дауыста орындаңдар. Орталарыңнан дирижер сайлаңдар.
Дирижер 2/4 өлшеміне сəйкес екпінді баяулатуына да, тездетуіне де болады».