С. Сейфуллиннің «Көкшетау» əнін тыңдайды жəне талдайды;
А. Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» əнін орындайды;
тақырыпқа байланысты түсініктерді біледі;
өз жұмысын таныстырады;
өзінің жəне өзгенің жұмысын бағалайды.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
тыңдалған шығарманы талдау жəне мінездеме беру;
музыкалық шығарманың мазмұнын ашу жəне көңіл күйін көрсету.
Құндылықтарды дарыту
Халық əуені мен классикалық əуендерді тыңдауға дағдылану, мəдени
тұлғаларды тəрбиелеу
Пəнаралық байланыстар
Дүниетану
Бастапқы білім
Алдыңғы бөлімдерде алған білімдеріне сүйене отырып білім алу
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
(Мк. Ұ.) 1-тапсырма.Тыңдау.
М. Аңызды өзі айтып береді. «Өте ерте заманда жер бетін мекендеген халықтар өлең дегеннің не, əн дегеннің не екенін білмеген. Адамдар көңілсіз, сүреңсіз өмір сүріп жатты. Табиғат та мұңға батып, мүлгіген тыныштық орнаған. Ол кезде əннің құдіретін аспан ғана білген, себебі əн тек аспанда ғана қалықтап жүрген.
Бір күні сиқырлы Əн төмен түсіп, кең дала үстінде қалықтаған. Ол жердегі көңілсіз адамдарды көріп аяп,
«осыларға бір жақсылық жасайыншы» деп ойлайды.
Əн көңіл күйіне қарай кейде жер бауырлап, кейде биікке самғап ұшып жүреді. Əн төмендеген сайын сол жердегі адамдар əнші, жыршыға айналады. Ал биік қалықтап кеткен жердің халық əншіліктен құр қалған екен.
Əн қазақ жеріне келгенде төмен құлдырап, халыққа музыкалық қабілетті үйіп-төгіп шашады. Осылайша қалықтап ұшып, халықты əн мен өлеңнің, жыр мен күйдің, суырыпсалмалықтың шеберіне айналдырған екен».
М. Аңыздың мазмұнына байланысты оқушылардың сұрақтарына жауап береді.
Оқулық, нота хрестоматиясы, фонохрестоматия
Сабақтың
ортасы
(Мк,Ұ/Т) 2-тапсырма.Ақпарат іздеу, талдау.
Абай Кунанбаев
«Желсіз түнде жарық ай» əні: https://www.youtube
.com/watch?v=C4nH PFUk-H8
О. Музыка мен поэзия өнерлеріне талдау жасайды,
оқулықта берілген мына сұрақтарға жауап береді:
– Музыка дегеніміз не?
– Поэзия дегеніміз не? «Əдебиеттік оқу» сабағында
өткенді есіне түсіреді.
– Музыка мен поэзияның айырмашылығы мен
байланысы неде?
– Қазақ халық музыкасы мен поэзиясының байланысын не арқылы көруге болады?
О. Осы бағытта оқушылар мұғалімнің көмегімен
3-тапсырманы орындауға кіріседі.