Жаңа материалды бекіту.
|
№12 карточкамен жұмыс
|
20 минут
|
4
|
Қорытынды жасау, үй тапсырмасы.
|
(2) §3.1-3.6 64-83 бет
|
5 минут
|
1.Алкандардың табиғатта кездесуі. Метан – табиғатта көп тараған көмірсутек. Метан өсімдіктер мен жануарлар организмдерінің ауа қатыспай ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Батпақты суларда, тас көмір шахталарында кездеседі. Табиғи газ, негізінен, метаннан тұрады. Мұнай өндіргенде бөлінетін газдың құрамында да метан көп болады. Көмірдің кен орындарында кездесетін метанның мөлшері табиғи газ құрамындағы метанмен салыстырғанда едәуір артық деп болжануда.
Шахталардағы қопарылыстың көбі метанның кесірінен болатындықтан, бұл газ ерте кезден «шахтерлердің қас жауы» деп аталады. Ағашты, шымтезекті, тас көмірді құрғақ айдаған кезде, мұнайды крекингілегенде метан түзіледі.
Алкандар, негізінен табиғатта кездеседі. Газ тәрізді алкандарды табиғи газ бен мұнайға серіктес газдардан алады. Сұйық алкандар мұнайдың, қатты алкандар мұнай мен озокериттің құрамында болады.
1. Алкандарды лабораторияда қанықпаған көмірсутектерді Ni, Pt, Pd катализаторы қатысында гидрлеп алады:
Н2С═СН2 + Н2→ Н3С – СН3
2. Вюрц реакциясы.
2СН3СІ + 2 Na→ С2Н6 + 2NaCl
3. Алкандарды көмірді гидрлеп алуады.
С + 2Н2 СН4 + 75 кДж
4.Көміртек (ІІ) оксиді мен сутектің қоспасын да пайдаланады:
пСО + (2п + 1)Н2 → СпН2п+2 + пН2О
5. Метанды лабораторияда натрий ацетаты мен натрий гидроксидін балқытып алады:
СН3СООNa + NaOH→ CH4 + Na2CO3
Достарыңызбен бөлісу: |