Сабақ жоспарын жасаңыз, ол «Сабақты зерттеуге»



Дата16.03.2023
өлшемі51 Kb.
#74958
түріСабақ
Байланысты:
4 ПҚМК 4а2к Сабақты зерттеуді жоспарлау


САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУДІ ЖОСПАРЛАУ

Мүмкіндігінше, сіздің пәніңіз бойынша сабақ беретін және/немесе сіздің оқушыларыңыздың жасындағы оқушылармен жұмыс істейтін басқа мұғаліммен жұптасып жұмыс істеңіз.


Бірлесіп сабақ жоспарын жасаңыз, ол «Сабақты зерттеуге» кіруі мүмкін.


Төмендегі қадамдарды қолданыңыз.





  1. Оқу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында өз сабақтарыңызда сынап көргіңіз келген «оқыту/оқудағы жаңа тәсілді» айқындаңыз. Мысалы:




  • Белгілі бір критерийлерді пайдалана отырып, әріптестердің жазбаша жұмысын бағалау;

  • Топтық жұмыста дарынды және талантты оқушыларға топты басқаруды тапсыру;

  • Оқушылар жұптарының арасында диалогті ынталандыру үшін интернет-ресурстарды пайдалану т.б.




  1. Оқу жоспарының (тақырыбының) қандай бөлігінде бұл тәсіл аса ықпалды болатынын шешіңіз. Мысалы:




  • Гүлдеген өсімдіктің бөліктерін зерттеу;

  • Сан заңдылықтарын айқындаумен байланысты математикалық есептерді шығару;

  • Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі ландшафты зерделеу т.б.




  1. Тақырыбына қарай, сіздің оқушыларыңызға лайықты, нақты күтілетін оқу нәтижесін айқындаңыз. Мысалы:




  • 6 жасар оқушылар гүлдеген өсімдіктерде тамыры, сабақтары, жапырақтары мен гүлдері болатынын білуі тиіс. Олар өсімдіктің әр бөлігінің неге арналғанын білетін болады.




  1. Енді кейс-стадиға қосу үшін сіздің сабақтарыңызда оқушылардың түрлі топтарын көрсететін оқушыларды «іріктеп» алыңыз.

Бұл жазу сияқты пәнаралық дағдыларға қатысты немесе ғылыми терминологияны білу сияқты арнайы дағдыларға қатысты оқу үлгерімі жақсы, орташа және нашар оқушылар болғаны дұрыс.

Әр мұғалім өз оқушыларының таңдалған тақырыптар бойынша үлгерімінің динамикасы туралы білімін реттеу үшін «L2W3D4_Олардың оқу үлгеріміне сәйкес оқушылар моделі» кестесін пайдалану керек.


Осы материалдың соңында келтірілген сабақ жоспарының шаблонын пайдалана отырып, сабақ жоспарының а), b), c) және d) бөлімдерін орындаңыз.


Мысал:




a) Оқыту/оқудағы тәсіл

«Бірлесіп ойлау» мақсатында оқушылар арасында қарым-қатынасты ынталандыру үшін топтық жұмысты пайдалану

b) Тақырып (оқу жоспарының бөлігі)

Гүлдеген өсімдіктің бөлшектері

c) Оқытудың нақты нәтижесі

Оқушылар гүлдеген өсімдіктерде тамыры, сабақтары, жапырақтары мен гүлдері болатынын білуі тиіс. Олар өсімдіктің әр бөлшегінің неге арналғанын білетін болады.

d) Сабақ

Оқушылар төрт адамнан тұратын топтарға бөлініп, қызғалдақты қарастырады және қандай негізгі бөлшектерден тұратыны туралы ойланады.
Сосын олар қызғалдақты құрамдас бөлшектерге кесіп, қағаз параққа желімдейді.
Олар бөлшектердің атауын және функцияларын талқылайды және оларды қағазға жазады.



e) Оқушылар үшін оқу нәтижелері (A)


f) Оқушылар үшін оқу нәтижелері (B)


g) Оқушылар үшін оқу нәтижелері (C)




Сабақ жоспарының шаблоны





a) Оқыту/оқудағы тәсіл






b) Тақырып (оқу жоспарының бөлігі)




c) Оқытудың нақты нәтижесі




d) Сабақ




e) Оқушылар үшін оқу нәтижелері (A)




f) Оқушылар үшін оқу нәтижелері (B)




g) Оқушылар үшін оқу нәтижелері (C)





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет