Ағылшын тілі пәнінен модульды технологияны қолдана отырып
сабақ жоспарын құру жолдары.
Молдабаева Қ.Е аға оқытушы
АЭжБУ, Алматы
Аннотация
Берілген мақалада модульдық технологияны қолдана отырып сабақ
жоспарын құру жолдары берілген. Аталған технологияны қолдана отырып
құрылған сабақтардың оқу дағдыларынының сапасынының атуына тигізетін
әсері мақалада баяндалады. Біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру
барысында активты және пассивты сөздік қорын молайту, тақырыпқа
байланысты лексикамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, іштен оқу
дағдысын қалыптастыру, өз ойын жеткізе білу дағдысын қалыптасрыусияқты
мақсат-міндеттердің шешімін табу жолданын қарастырады.
Кілттік сөздер: деңгейлік тапсырмалар, коммуникативті дағды, сенсорлық
сфера, оқу элементі, логикалық ойлау.
Модульды технология қарқынды оқу процесін ұйымдастыру барысында
қолданылатын тиімді әдістердің бірі болып табылады.
Эдвард Андерсен алдарына кішкене мақсат қойған адамдар кішкене
нәтижеге жетеді,үлкен мақсат қойғандар үлкен нәтижеге жетеді деп айтып
кеткен болатын, сол себептен алдыға мақсат қоюдың тіл үйрену барысында
алатын орны үлкен.Осы қанатты сөз модульды технологияға арналып айтылға
дерсің. Пәннің модульдік блогтарын кішкентай мақсаттар деп алсақ, осы
кішкентай модульдар бізді үлкен модульдың орындалуына алып келеді.[1]
Ұсынылған сабақ жоспары “English Ағылшын тілі: Жалпы білім беретін
мектептің 9-шы сыныбына арналған оқулық” бойынша жасалған.
Сабақ тақырыбы: Жазу мәтінімен жұмыс барысында саралап оқу
дағдысын қалыптастыру
Сабақ түрі: Қайталау және бекіту сабағы.
Сабақтың мақсаты: Жазу мәтінімен жұмыс барысында оқушылардың өз
бетінше жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастыру.
Шет тіліндегі мәтінді оқу барысында сұрақтарға жауап беру қабілеттерін
арттыру
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Мәтінмен жұмыс барысында
монолог,диалгтар құру
Сабақ барысында модульдық технологияының деңгейлеп оқыту әдісі
бойынша деңгейлік тапсырмалар барілген. Бұл технология оқушылар мен
қоса оқытушы үшін де тиімді болмақ.
Оқушылар үшін тиімділігі:
Оқушылар модульды меңгергеннен кейін не біліулері керек, нені үйренуі
керек екендігін анық біледі.
Оқушылар өз уақыттарын жоспарлап, өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана
алады.
Оқу процесі оқытушыға емес оқушыға бағытталған.
Оқытушылар үшін тиімділігі:
Оқытушы назарын әр оқушының дербес проблемасына аудара алады.
Мыс кебіреуі монологтыауызекі тілінен нашар болса,кейбіреуі жазу
дағдысын дұрыс меңгермеген. Оқытушы осылардың әр –қайсысымен жеке
жұмыс атқаруға мүмкіндік алады.
Оқытушы білімді меңгеру барысындағы туындаған кемшіліктерді
уақытылы анықтап отырады.
Оқытушы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыруда, пәнге зейін
бөлулеріне ықпал жасау арқылы шығармашылық жұмыспен айналысады.
Оқушыға жан жақты көмек қолын созады.
Модульдық технологияының деңгейлеп оқыту әдісінің өзіндік
рекшеліктері бар:
Оқушының өздік жұмысы жанданады, өйткені әр оқушының өзіне ғана
тін тапсырмалар топтамасы болады.
Сабақ құрылымында ОМ-оқу модулі немесе сабақ кезеңі, ОЭ-оқу
элементінемесе жаттығулардан құралады.
ОЭ-оқу элементі 3 компоненттен тұрады:[3]
-мақсат, оқушылар үшін
-тапсырма, оқушылардың іс-әрекеттерінің нәтижелерінің барлығы белгіленіп
отырады.
-бақылау (Қосымша 1), (Қосымша 2)
Жоғары аталғандарды ескеретін болсақ модулдық технологияның
деңгейлік тапсырмалар қолдана отырып өткізген сабақтың нәтижелілігін
айтсақ болады:
Әр оқушы танымдық іс-әрекетке белсене қатысып,сабақ соңында баға
алады.Қанағаттанарлықсыз деген баға болмайды.
Бағалау түрлері өзін-өзі бағалау, оқушылардың бір-бірін бағалауы сияқты
жұмсартылған түрлерімен өткізетілгендіктен стресс жағдайын туғызатын
ситуациялар болмайды.
Оқушылардың бойында ақпараттну құзырлылығы қалыптасады. Өйткені
олар тікелей ақпарат көздерімен жұмыс жасап,оларды зерттеп,саралайды.
Аталған әдіс деңгейі төмен оқушыларға сенімдік ұялатып, ынтасын оятады.
Сонымен қоса сабақ өткізу барысында қиындықтарда кездеседі:
Оқушылар үшін туындайтын қиындықтар:
-Қойлған
мақсатқа
жету
үшін
оқушылардың
өздерінде
ішкі
тәртіп,жауапкершілік болуы керек.
-Оқушыларға көп мөлшерде өздік жұмыс жасауға тура келеді;керек
ақпаратты өз беттерімен іздеп,оны саралап, мазмұндап,сөздіктермен жұмыс
жасаулары керек.
-Оқушылар өз оқуларына өздері жауап береді.Өйткені әр іс-әрекетіне баға
қойылып отырғаннан кейін көп ізденіп, мұқият оқуларына тура келеді
-Оқытушылар үшін туындайтын қиындықтар:
-Көп жағдайда оқытушыларға өздерінің үйреншікті іс-әрекеттерінен ауытқу
қиынға тұседі. Өйткені дәстүрлі сабақтарда негізгі көңіл оқытушыға бөлінсе,
модульдық технологияда бірінші орында оқушы тұрады. Мұғалыім оларға
жол сілтеуші, көмекші, ақылшы қызметін атқарады.
-Оқытушыға сабақ беру әдіс-тәсілдерін өзгерту қажет болады. Өйткені олар
әр оқушының дербес жұмыс атқаруына көмек көрсетуі тиіс болады. Көбінесе
оқытушылар тек үй тапсырмасын сұрау, жаңа тапсырманы енгізу, кітаптағы
жаттығуларды жасаумен шектеледі.
Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келсек,әр жаңа технологияның
өзіндік жетістіктері мен кемшіліктері бар. Ал егерде оларды орнымен, кей
жағдайда интеграциялап пайдалану оқушыларға шет тілін тезірек және
тереңірек меңгеруге мүмкіндік туғызады.[2]
“English Ағылшын тілі: Жалпы білім беретін мектептің 9-шы сыныбына
арналған оқулық” бойынша жасалған “Мәтінімен жұмыс барысында саралап
оқу дағдысын қалыптастыру”- атты модульдық технологияны қолданып
құрастырылған сабақтың қосымша жоспарын ұсынамын:
Қосымша 1
Дидактикалық мақсат: мәтінімен жұмыс барысында саралап оқу
дағдысын қалыптастыру
Шет тіліндегі мәтінді оқу барысында сұрақтарға жауап беру қабілеттерін
арттыру
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Мәтінмен жұмыс барысында
монолог,диалгтар құру
Білімділік мақсат: “Education”-тақырыбы бойынша активты және пассивты
сөздік қорын молайту. 104 бет
Шет тілін меңгеру барысында қажетті біліктіліктер мен дағдыларды
қалыптастыру:
-тақырыпқа байланысты лексикамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру
-іштен оқу дағдысын қалыптастыру
-Берілген сұрақтарға жауап беру,өз ойын жеткізе білу дағдысын
қалыптасрыу.
-Шет тілін оқытуда коммуникативті дағдыны қалыптастыру.
-Тестік тапсырмалармен жұмыс атқару дағдысы.
Шет тілін меңгеру барысында қажетті жалпы біліктіліктер мен дағдыларды
қалыптастыру:
-Шет тіліндегі мәтінмен жұмыс атқару дағдысын қалыптастыру.
-Ауызекі тілді дамыту, монолог құрау дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты:
-Тілді дамыту
-Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
-Диалогпен жұмыс барысынде есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сенсорлық сферасын дамыту:
-жаттығуларды оқу барысында көру анализаторын дамыту,әріптер мен
дыбыстардың сәйкестігін сақтау.
-Монологтық және диалогтық жұмыс барысындағы фонематикалық есту
қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсат:
Өзге оқушыларға деген қарым қатынас:
-Жауап беру кезінде, диалог, монолог кезінде этика,эстэтика нормаларын
сақтауға баулу.
Оқушының өзіне деген қарым қатынасы:
Тапсырмалар орындау барысында ұқыптылық сақтауға, сабақ үстінде тәртіп
сақтауға шақыру
Қоршаған ортаға,қоғамға, еңбекке көзқарас:
Өздік жұмыс жасау барысында еңбекқорлыққа, тиянақтылыққа,басқа
оқушыларға мейңрңммен қарауға шақыру.
Сабақтың интеграциялық мақсаты:
Мәтінімен жұмыс барысында саралап оқу дағдысын қалыптастыру
Сабақ соңында оқушылар төмендегілерді білуі керек.[4]
1.
Білім тақырыбына балынысыты лексика
2.
Мәтіндік тапсырмалардың алгоритмын
3.
Әртүрлі
типтерде
құрастырылған
сұрақтардың
жауаптарының
алгоритмін
4.
Диалгтар құрастырудың алгоритмін
5.
Мәтіннің мазмұнын
6.
Дұрыс емес етістіктердің 3 формасын
Сабақ соңында оқушылар төмендегі дағдыларды меңгеруі керек.
1. Білім тақырыбына балынысыты лексиканы қолдана алуы керек
2.
Мәтіндік тапсырмалармен жұмыс жасай алулары керек
3.
Әртүрлі типтерде құрастырылған сұрақтарға жауап бере алуы керек
4.
Берілген тақырыпқа диалогтар құрай алуы керек.
5.
Дұрыс емес етістіктер мен дұрыс етістіктерді ажырата білуі керек,оларды
сөйлемдерде ретімен қолдана білуі керек.
Модульды сабақтың құрылымы
I
II
VI
VII
IX
X
ОМ 1 – Ұйымдастыру кезеңі
Мақсаты: оқушыларды сабақтың түпкі мақсатына табысты жетуіне сарын
беру
ОМ 2 – Оқу –тәлімдік іс әрекетке оқушыларды даярлау.
Мақсаты: Шет тіліндегі мәтінде жаттығулардың көмегімен өз бетінше оқу.
ОМ 6 – Білімді бекіту
Мақсаты: Білімді бекіту мақсатында оқушылардың білімін жүйелеу
ОМ 7 – Қайталау
Мақсаты: Диалог және монологтар құру арқылы сабақ лексикасын,
грамматикасын қайталау
ОМ 9– Қортынды
Жаңа тақырып бойынша қортынды, ескертулер.
ОМ 10 – Үй тапсырмасы
Мақсаты: Үйге берілген тапсырманы дұрыс орындауға нұсқаулар.
Модульдық технологияны қолданып құрастырылған сабақ жоспары ең
төменгі деңгейдегі оқушыларға арналған. Егер бір сыныпта мөлшермен 15
оқушы болса, оқытушы кем дегенде төрт деңгейге арнап сабақ жоспарын
жасауы керек. [5]
Мысалы: озат оқушыларға, жақсы оқушыларға, орташа оқитындар
және нашар оқушылар. Ал бұл дегеніміз оқытушы тарапынан көп еңбекпен
табандылықты талап етеді.
Әдебиеттер
1.Воронина, М. Г. Блочно-модульная педагогическая технология обучения в
учреждениях начального профессионального образования Текст. : дис. . канд.
пед. наук / М. Г. Воронина. — М. , 2002. —248 с. Режим доступа :
http://diss.rsl.ru.
2. Гараев В.М., Куликов С.И., Дудко Е.М. Принципы модульного обучения //
Вестник высшей школы. - 1997
Гез Н.И., Миролюбов А.А. Методика преподавания иностранных языков. –
М.: Высшая школа, 1982. – 412с.
3.Горохова Р.И. Блочно-модульная система подготовки будущих учителей к
проведению педагогического эксперимента: Дис. . канд. пед. наук.
Чебоксары, 2000.-145с.
4. Громкова М.Т. Модульное структурирование педагогического знания. М.,
1992.
Екшембеева Л.В. Языковые модули и овладение языком. Алматы, 2000
5.Ермоленко В.А., Данькин С.Е. Блочно-модульная система подготовки
специалистов в профессиональном лицее. – М.: ЦПНО ИТОП РАО, 2002.
Жадрина М.Ж. «ҚР-дағы жоғарғы білім беру дамытудың тенденциялары мен
мәселелері». Алматы 2002 жыл.
6.Жанпейісова М.М.Оқытудың белсенділік түрлері.Алматы,2002-162б
Резюме
В статье рассматривается проблема создания плана урока с
использованием модульной технологии обучения. Также дается план урока, и
технологическая карта урока.
Resume
The article deals with the creation of the lesson plan with the help of
modular technology of education. Also technological map of the lesson is given in
the article.
Ағылшын тілі пәнінен модульды технологияны қолдана отырып
сабақ жоспарын құру жолдары.
Берілген мақалада модульдық технологияны қолдана отырып сабақ
жоспарын құру жолдары берілген. Аталған технологияны қолдана отырып
құрылған сабақтардың оқу дағдыларынының сапасынының атуына тигізетін
әсері мақалада баяндалады. Біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру
барысында активты және пассивты сөздік қорын молайту, тақырыпқа
байланысты лексикамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, іштен оқу
дағдысын қалыптастыру, өз ойын жеткізе білу дағдысын қалыптасрыусияқты
мақсат-міндеттердің шешімін табу жолданын жоспар құру барысында
қарастырады.
Составление плана урока по английскому языку с использованием
технологий модульного обучения
Статья рассматривает пути составления плана урока по английскому
языку с использованием технологий модульного обучения. Также статья
описывает приемущество таких уроков при улучений качества обучения такие
как увеличение активной и пассивной лексики, работа над тематической
лексикой, конструирование учебного материала таким образом, чтобы было
обеспечено достижение каждой поставленной перед учеником цели,
представление учебного материала законченным блоком,
интегрирование различных видов и форм обучений.
Preparation a lesson plan for English lesson using techniques of modular
training
The article considers ways of preparation a lesson plan for English language
lessons using the technology of modular training. This article also describes
advantages of these lessons at improving the quality of training such as an
increasing in the active and passive vocabulary, working on thematic vocabulary,
presentation of educational material as a complete unit; integration of various types
and forms of learning.
Достарыңызбен бөлісу: |