Сабақ жоспарының Үлгісі мұғалімнің аты-жөні: Алдашова Назерке Сакентаевна Пән/Сынып: қазақ тілі, 6-сынып



бет1/2
Дата07.03.2023
өлшемі179,35 Kb.
#72330
түріСабақ
  1   2

ВИДЕО САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Алдашова Назерке Сакентаевна

Пән/Сынып:

қазақ тілі, 6-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

3-тоқсан, 7-апта, №21 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

8-бөлім
Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері



Сабақтың тақырыбы:

Қазақтың салт-дәстүрлері. Үстеу. Мезгіл үстеуі



Оқу мақсаттары:

Т/А1. Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау;
ӘТН4. Үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану.

Сабақ мақсаты:

Мәтіннің алғашқы бөлшегін талқылайды, көтерілген мәселені болжайды, мәтіннен үстеулерді ажыратады.

Бағалау критериі:

  • Мәтіннің атауын талқылап, көтерілген мәселені болжайды;

  • мәтіннен үстеулерді табады.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны



Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут



Ұйымдастыру

Сәлеметсің бе?
6-сыныптың қазақ тілі пәніне қош келдіңіздер!
Сабағымыздың тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрлері. Үстеу. Мезгіл үстеуі
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:

  • Мәтіннің атауын талқылап, көтерілген мәселені болжайсыңдар;

  • мәтіннен үстеулерді табасыңдар

  • Қазақтың салт-дәстүрлерін еске түсіріп, ажырата білесіңдер




Үстеу – іс-әрекеттің түрлі белгілерін: амалын, тәсілін, сипатын, жай-күйін, мекенін, мезгілін білдеретен сөздер.
Сұрақтары: қашан? қалай? қайда?қаншама?не себепті?
Мысалы: Былтыр (қашан) Алматыда Қысқы Универсиада өтті.

  1. Мезгіл үстеу

  2. Мекен үстеу

  3. Мөлшер үстеу

  4. Мақсат үстеу

  5. Күшейткіш үстеу

  6. Сын-қимыл үстеу

  7. Себеп-салдар үстеу

Мезгіл үстеу

Іс-әркеттің, қимылдың өту мерзімін білдіреді.
Қашан? Қай уақытта? Қашаннан?
М: биыл, күздей, ала жаздай, былтыр







Видео, кесте, презентация т.б.



3-5 минут

Жаңа сабақ

Тыңдалым. Тыңдалым алды тапсырмасы. Тақырыпты болжау.
-

Тапсырма. Ойларыңды тірек сөздер арқылы жинақтаңыздар







https://www.youtube.com/watch?v=n6MB0eSb5WE

1-3 минут



Тапсырмалар

Тыңдалым мәтінінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Мына суреттерден нені көріп тұрсыздар?

  2. Суреттегі салт-дәстүрлерді атаңдар.

  3. Суреттерге қарап, көтерілетін мәселені болжаңдар


1-тапсырма

Өлеңде қандай салт-дәстүрлер аталды?
Берілген тілектерді өлеңде аталған салт-дәстүрлермен сәйкестендіріңдер.
Қадамы құтты болсын!
Бауы берік болсын!
Жолы ашық болсын!

Дескриптор:

  • Тыңдалым мәтінінде айтылған салт-дәстүрлерді атайды;

  • Берілген тілектерді өлеңде аталған салт-дәстүрлермен сәйкестендіреді.


Өзіңді тексер.

Өлеңде қандай салт-дәстүрлер аталды?
Шілдехана, бесік той, тұсаукесер, сүндет той, құда түсу, сырға салу, беташар.

Берілген тілектерді өлеңде аталған салт-дәстүрлермен сәйкестендіріңдер.
Қадамы құтты болсын! - Тұсаукесер
Бауы берік болсын! - Шілдехана
Жолы ашық болсын! – Бесік той





Презентация

1-6 минут



Тәжірибе

2-тапсырма
Мәтінді оқып, үстеу сөздерді табыңдар.

Кешегі күні бойғы әрекеттен кейін, тұяқ серіппей қатып ұйықтап қалыппын. Әжем жұлқылап оятты.


— Қожа. Қожатай. Әкем-ау, сен бүгін сабағыңа бармаушы ма едің?
Көзімді ашып алып, қабырға сағатқа қарасам, сегізге он бес-ақ минут қалған екен. Атып түрегеліп, тез киіндім де, беті-қолымды шайып жіберіп, бір кесе айранды тікемнен тік тұрған күйде қотара салдым. Кеше титықтап келіп, сабақ қарауға мұршам болмап еді. Бүгінгі болатын пәндерді сумкама асығыс салып алдым да, мектепке жүгірдім.

Өзіңді тексер

Кешегі күні бойғы әрекеттен кейін, тұяқ серіппей қатып ұйықтап қалыппын. Әжем жұлқылап оятты.
— Қожа. Қожатай. Әкем-ау, сен бүгін сабағыңа бармаушы ма едің?
Көзімді ашып алып, қабырға сағатқа қарасам, сегізге он бес-ақ минут қалған екен. Атып түрегеліп, тез киіндім де, беті-қолымды шайып жіберіп, бір кесе айранды тікемнен тік тұрған күйде қотара салдым. Кеше титықтап келіп, сабақ қарауға мұршам болмап еді. Бүгінгі болатын пәндерді сумкама асығыс салып алдым да, мектепке жүгірдім.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет