Иә, Манап Симбатович секілді ағам бар деген ой, әрине, Ганидың үш ұйықтаса түсіне кірген емес. Өзіңіз де білесіз, балалар үйіне құртақандай кезінде, бар-жоғы төрт жасында қабылданыпты. Осыны ескеріңіз,- деді де, жігітке...
Жауабы: Жетімдер үйіне 4 жаста келген Қалидың 15 жасқа келгенде ағасын қабылдауы қиындыққа түсетінін Манапқа жеткізу.
− Түу, Эльжбета Сергеевна, терді жаңа үгіп, тырыс-бырысты жаза бастағанымыз сол еді. Басқа қолайлы уақыт табылмады ма?- деді Қали қалыптасып қалған қоңыр үнмен.
− Сөзіңе болайын, Гали. Жаттығу ағаңнан қымбат болып па. Алыстағы ағаң жыл он екі айда бір рет келеді. Жаттығу қайда қашады, ертең-ақ сүмек боп терлеп, кеткен ақыңды артығымен қайтарып аласың,- деді жымиған қалпын мысқал бұзбаған Эльжбета Сергеевна.
Бұл кезде өзін-өзі қамшылап үлгерген Манап та қорғасын аяғын әрең алып, қарсы жүрген. Бой жағынан қарайлас бозбала төніп қалғанда:
− Бар екенсің, бауырым!- деп, алға созған екі қолын айқара ашып, ыстық құшаққа айналдыра беріп еді, Қали:
− Здравствуйте, дяденька! Как живете?- демесі бар ма.
Созған қолы сынғандай сылқ түсті...
Жауабы: Қалидың алыс жолдан іздеп келген ағасымен кездесуді ыстық ықыласпен қабылдамағанын аңғаруға болады. Себебі аға, бауыр Қали үшін өзі секілді жетімдер үйіндегі балалар еді.
Жауабы: Алғашқы кездесуден Қалидың Манапты суық қабылдауы отбасынан,туған жерден алшақ өзге ортада тәрбиеленуінде жатыр.