Өзіңді тексер Табиғат - адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын алады. Табиғатты қорғау дегеніміз табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді
жолдарын іздеу,қайта түлету, бүліну, ластану жолдарынан сақтау және қорғауды жүзеге асыру. Табиғат қорғауға ғылыми тұрғыда бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс шаралар жатады. Табиғаттағы экожүйелер мен ондағы қарым-қатынас ұзақ жылғы тұрақты даму эволюциясының жемісі. Сондықтан адам баласы
оны бұзбауы керек. Ал бұзған жағдайда қайтымсыз экологиялық апаттарға алып келуі
мүмкін.
Табиғат ресурстарын игеру кезінде оның қоршаған ортаға пайдалы әсеріне көңіл бөлінуі керек.