Сабақ жоспарының Үлгісі


-тапсырма. Мағыналы сөздерден, мағынасыз сөздерді бөлу



бет5/8
Дата18.01.2023
өлшемі54,13 Kb.
#61738
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
6-тапсырма. Мағыналы сөздерден, мағынасыз сөздерді бөлу.
Төмендегі сөздерден мағыналы сөздерді бір топқа, мағынасыз сөздерді екінші топқа бөліп жаз.[4,9]
Адам, бала, бата, баша, адат, тігінші, тігіші, кітап, кіташ, таза, таша, әкім, әтіш, білім, алтын , алнаш, табиғат, тапиғаш, туысқан, туғысқан, қарындас, қармындас, нағашы, ағашы.
Бұл тапсырма мағыналы сөзден, мағынасыз сөзді тез ажырата білу қабілетін дамытады.
7-тапсырма.Мәтіннен берілген сөздерді іздеу.
Бұл тапсырмада бала мәтіннен тез тауып ала қоятындай 3 сөз беріледі. Сөздерді жазбаша көрсетуге де, ауызша айтуға да болады. Тек берілген сөздер мәтінде бірнеше рет кездесуі қажет. Баланың міндеті – оларды тез тауып астын сызу немесе шеңбермен қоршау.[4,10]
Мысалы: көк кит,
Дүние жүзіндегі тіршілік ететін жануарлардың ең алыбы — көк кит. Көк киттің алып қаңқасы отыз тонна. Жалпы салмағы жүз жиырма үш тонна. Бұл қырық пілге тең деген сөз. Жүрегінің салмағы сегіз жүз килограмм. Көк киттің ұзындығы отыз үш метр.
8-тапсырма. Бір-біріне ұқсас сөздердің ішінен мағынасы бар сөзді табу.
Үлгідегі сөзге сәйкес келетін кез-келген бір-біріне ұқсас сөздердің ішінен мағынасы бар сөзді табу. Содан соң оқушыларға 10-15 үлестірме ұсынылады. Үлестірмеге үлгідегі сөз және одан бір-екі әрпі басқа ұқсас сөздер жазылады. [4,10]
Мысалы: үлгі ретінде берілетін сөз — қолтырауын болса, үлестірмедегі сөздер қолбырауын, қолқырауын сияқты сөздер болуы мүмкін.
Үлгіге сай келетін сөз келетін сөздерді бір бөлек, үлгідегі өзгеше сөздерді бір бөлек қойып шығу.
Бұл тапсырма баланың тез, әрі нақты әріптік талдау жасауын және логикалық сөздік есте сақтау қабілетін дамытады.
Қолтырауын, қолбырауын, қолқырауын, қылқорауын.
Күйкентай, күйментай, күйкетай, күйтай.
Ләйлек, ләйлік, ләйліке, ләйлен.
9-тапсырма. Төңкерілген мәтінді оқыту.
Оқытуға берілген мәтін беті төңкеріледі. Бала осы төңкерілген мәтінді оқып шығуы керек. Мұғалім оқушыларды ертегілер әлеміне саяхатқа шақырады, ол жақта барлығы керісінше деп баяндайды. (яғни төңкерілген, аяқтары жоғары, басы төмен қараған және т.б). Сол әлемге барғанда тез үйреніп кету үшін осы мәтінді төңкеріп оқып үйрену қажеттігі айтылады.[4,11]
Бұл тапсырма көз қозғалысының жақсарып, жетілуіне септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет