Сабақ жоспарының Үлгісі


-тапсырма.Сөйлемдегі түсіріліп қалған сөздерді толықтыру



бет6/8
Дата18.01.2023
өлшемі54,13 Kb.
#61738
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
10-тапсырма.Сөйлемдегі түсіріліп қалған сөздерді толықтыру.
Тапсырмада сөздер түсіріліп қалған мәтін немесе бірнеше сөйлемдер берілді. [4,12]
Мысалы:
Баяғы заманда қазақтың Бейбарыс деген …… соғысқан елдің адамдары ….алып, құлдыққа сатып жіберіпті. Бейбарыс бүкіл өмірін ……елінде өткізіпті. Қайдан келгенін ………. түсіре алмапты.
Бейбарыс өзінің мықтылығының арқасында әскербасы дәрежесіне жетіп, кейін ……… болып, Бейбарыс……. атанады.[3,47]
Бұл тапсырмада бала алдыңғы сөздердің мағынасына қарап ойланып, түсіріліп қалған сөзді табады. Жаттығу баланың оқу техникасын жетілдіріп, ойлау қабілетін арттырады.
11-тапсырма. Ұғымдық мағынаға сәйкес келмейтін сөйлем жазу.
Балаларға арнайы дайындалған мәтін немесе ерекше мазмұнды сөйлемдер жиынтығы ұсынылады. Бұған қоса мағынасы өзгертілген, адам ұғымына сәйкес келмейтін сөйлемдер де бірге дайындалады. Сөйлемдер қызықты, күлкілі жағдай туғызатындай ойластырылуы керек.[4,12]
Мысалы: Күздің соңғы күндерінде әдеттегідей бар алма ағаштары гүлдеді. Жер бетін түгелдей ақ қар басып, күн ыстық болып кетті. Мен дүкеннен балшық сатып алып едім, өте дәмді екен.
Баланың міндеті — адам ұғымына сай келмейтін сөйлемдерді атап көрсетіп, түсінік беру. Тапсырманы түрлендіріп, фантастикалық не ертегілік сюжетке сай құру мұғалім шеберлігіне байланысты.
12-тапсырма. Жартыдан бүтін құрастыру.
Саны 3-тен 10-ға дейін бөлек сөздер алынады. Әрбір сөз екіге бөлініп, екі бөлек үлестірмеге жазылады. [4,13]
Мысалы:
Қошақан, дәптер, өрнек, малшы, көлшік, жота, таулы, жұлдыз, жауынгер, қуыршақ, бауырсақ, орындық, балалар, оқушы, сөздері қоша-қан, дәп-тер, өр-нек, мал-шы, көл-шік, жо-та, тау-лы, жұл-дыз, жауын-гер, қуыр-шақ, бауыр-сақ, орын-дық, бала-лар, оқу-шы болып екіге бөлініп бөлек жазылады.
Бұл тапсырмада сол жағындағы сөздердің алғашқы буыны қалады да, соңғы буынына жаңа сөз жылдам құрастырып, дұрыс мағыналы сөз шығару керек.
Бұл тапсырманы күрделендіріп те беруге болады. Сондай-ақ айтылуы, не жазылуы ұқсас сөздерді де бөлек алуға болады. Мысалы: дәп-тер, кеп-тер,тек-сер,ес-кер.
Бұл тапсырма оқушының оқу техникасымен қоса сөздік қорын дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет