1.Реформацияның басталуы мен салдарын анықтайды
2.Мартин Лютер мен Томас Мюнцердің істеген іс – әрекеттерін венн диаграммасы арқылы анықтайды, индульгенция ұғымының мәнін сараптайды
3.Реформация нәтижесінде қоғамдағы жаңа діни ұғымдардың қалыптасуының себеп-салдарын фишбоун қаңқасы арқылы саралайды
Тілдік мақсат
Терминологиялық сөздік (гуманизм, реформация, Мартин Лютер,
95 тезис, Католик шіркеуі), мәтінмен жұмыс (жазылым, айтылым, оқылым, тыңдалым)
Құндылықтарға баулу
Өзгелердің көзқарастарымен ой-пікірлерін құрметтеу, сөзді бөлмеу, жұмыс барысында оқушылардың ұйымшылдығын арттыру
Дескриптор:
1. 1 тапсырма дұрыс көрсеткен
2. 2 жауапты дұрыс тапты
3. Барлық тапсырмалардың жауабы дұрыс көрсеткен
Бағалау. Мұғалім бағалайды. Геометриялық фигуралар арқылы бағалау
1.Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылығын ояту негізінде бейнебаян көрсетемін. (7минут)
Бейнебаян Мартин Лютердің өмірі және реформацияның құруы туралы болады. Бейнебаян басталмай тұрып мен оқушыларға жылдар немесе керек деген мәліметті дәптерге түртіп отыруға тапсырма беремін. Осыдан кейін бейнебаяннан сұрақ қойылады.
Миға шабуыл: (3минут)
1. М.Лютер не себептен шіркеуден босатылды?
2. М.Лютердің жүргізген реформациясы қандай атауға ие болды?
3. Осымен біздің бүгінгі сабағымыз қалай аталады?
Оқушылар кітап бойынша тақырыпты оқиды.
Осы кезде оқушылардың ой – пікірін толықтырып, кейбір элементтерін дұрыстап отырамын. Оқушы өз ойының қате не дұрыс екендігін біліп отыруы қажет. Мадақтау арқылы оқушыны жігерлендіру.
Жауапты толық біліп отырған оқушыға айттырып, өз қатесін іштей түсету.
Ендігі тапсырма топпен жұмыс болғандықтан оқушыларды 3 топқа бөлемін. Сыныпта оқушылардың деңгейі әртүрлі болғандықтан. Мен бір топта жақсы оқитын, орташа оқитын, нашар оқитын балалардың болғанын қадағалаймын және сол деңгейде бөлемін. Себебі сабақ өте қиын, сондықтан жақсы оқитын бала орташа және нашар оқитын оқушыға топпен жұмыс кезінде түсіндіріп отырады да, жаңа сабақты барлық сынып меңгере алады.
Топты уақыт өткізбей ақ, қызыл, сары түсті қағаздармен бөлемін де, 3 топты орнықтырып отырғызамын. (2 минут)
Келесі тапсырма топпен жұмыс.