Сабақ жоспарлау



Дата21.07.2023
өлшемі13,85 Kb.
#104585
түріСабақ

Сабақ жоспарлау.
Мұғалімнің сабаққа тыңғылықты дайындалуы оқу процесінің тиімділігін арттырады. Мұғалім сабақ жоспарын дайындау барысында бүкіл сынып үшін қалаулы нәтижелерді, содан кейін жеке оқушылардың өзіндік нәтижелерін болжамдайды. Осылайша сабақ пен оқу тапсырмаларын оқушылардың дағдыларына, қызығушылықтарына және мотивациясына сәйкес бейімдеуге болады. Мысалы, сынып қосу амалына берілген тапсырмаларды орындағанда кейбір оқушылар он есептің бесеуін орындауына болады, ал кейбір оқушылар одан да қарапайым деңгейде - жиынның элементтерін санау сияқты қарапайым тапсырманы орындауы мүмкін. Осылайша, бір сабақта мұғалім балалардың қажеттіліктеріне байланысты әртүрлі деңгейде жұмыс ұйымдастыра алады.
Мұғалім барынша барлық оқушыны сабаққа қатыстыратын тәсілдерді пайдалануы тиіс. Мысалы өлшем бірліктер тақырыбы бойынша сабақта оқушыларды бір-бірінің бойын өлшеу арқылы сабаққа қызықтыруға болды. Сабақта қолданылатын кілт сөздерді таңдап, сабақтың басында оларды атап көрсетіңіз және оқушылардың оларды түсінетініне көз жеткізіңіз.
Мұғалімнің сабақ барысында пайдаланатын жұмыс парағын дайындағаны дұрыс болады. Олар көру қабілеті бұзылған балаларға арналған үлкен қаріппен немесе зият дамуы шектеулі балаларға арналған қарапайым тапсырмалар сияқты балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып жасалуы мүмкін. Мұғалім оларды басқа уақытта да пайдалана алады немесе әріптестерімен бөлісе алады. Есте сақтайтын жағдай – оқушылар әртүрлі болғандықтан оларға арналған тапсырмаларды дараландыру қажет.
Әрбір сабақта түрлі жұмыс формалары ұйымдастырылуы тиіс: топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке тапсырмалар, т.с.с. Топтарда жұмыс істеу барлық оқушылардың қатысуына ықпал етеді және жеке қажеттіліктерді қанағаттандырудың тамаша жолы болып табылады.
Оқушыларды топтастырудың әр түрлі тәсілдерін қолданыңыз (аралас/қабілеттеріне байланысты/ қызығушылығына байланысты) және оларды жиі өзгертіп отырған дұрыс. Оқу материалын орындау уақытын белгілеу керек. Әртүрлі қиындықтары бар балаларды бөлі-жарып, бөлектемеу үшін, топтың құрамы аралас болуы тиіс. Оқу-тәрбие процесіне қатысу дегеніміз - басқа балалармен бірге оқу арқылы және тәжірибе алмасу арқылы олармен ынтымақтастықта болу. Бұл оқу процесіне белсенді қатысуды қамтиды. Сонымен қатар, бала жеке тұлға ретінде танылады және бағаланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет