Байланысты: a.m.omirzakova umkd ped 6 kredit (2) (1)pp-pmno (2)
Лекция 22 Тақырыбы: Оқыту әдістері. 1.1.Оқыту әдістері туралы жалпы түсінік. 1.2.Оқыту әдістерінің ерекшеліктері және психологиялық, дидактикалық, технологиялық аспектілері. 1.3.Оқыту әдістерінің жіктелуі. Әдіс туралы жалпы түсінік. Оқыту әдістері мен әдістемелік тәсілдері туралы ұғым. Әдіс – біртұтас педагогикалық үдеріс құраушысы. Оқыту әдістерінің атқаратын қызметі мен міндеттері.
Оқыту әдістерінің дидактикалық, психологиялық және технологиялық аспектілері. Оқыту әдістерінің тәрбиелік, білімдік, дамытушылық мүмкіндіктері. Оқыту әдістерінің екі жақты сипаты. Сабақта оқыту әдістерін таңдау негізі.
Оқыту әдістерінің көптүрлілігі. Оқыту әдістерін жіктеу және оларды дайындаудың өлшемдері. Оқыту әдістеріне сипаттама. Нақты сабақ үшін оқыту әдістерін іріктеу. Оқыту әдістері, құралдары және тәсілдерінің өзара байланысы.
Оқытудың инновациялық интербелсенді әдістері: пікірсайыс, тренинг, диалог, дебат, пікірталас, ойын барысында оқыту, топтық оқыту т.б. Оқыту әдістерін таңдау мәселелері. Мектепте интерактивті оқыту. Оқытудың интербелсенді әдістерінің жіктелуі. Интербелсенді сабақты құрудың жалпы принциптері мен алгоритмі. Әр түрлі сабақтарда интербелсенді әдістерді қолдану. Сабақ барысында қолданылатын интербелсенді әдістер: «Миға шабуыл»; кейс-әдіс; дискуссия, жоба әдісі, жұпта оқыту әдісі.
Оқыту әдістерін таңдау мәселесі. Оқытудың қозғалыс механизмдерін тиімді басқарудағы мұғалімнің әдістемелік және технологиялық құзыреттілігі.
Лекция 23. Тақырыбы: Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.
1.Мұғалімдерді даярлаудың тұжырымдамалық құрылымы.Пәндік білім аспектісі.Білімнің педагогикалық аспектісі.Білімнің технологиялық аспектісі..Мазмұндық білім аспектісі.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: Интерактивті тақта; Мультимедия; Интернет кеңістігі; Электронды оқулық. Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет: Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру; Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;
АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. «АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.