Сабақ кестесі: Оқу тоқсаны 5 оқу аптасынан және сынақ аптасынан тұрады. Аптасына кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат саны бір байланыс сағатынан (дәріс,практика) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан



бет50/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#11586
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   90
10-апта

10-апта

Дәріс тақырыбы: 1960 жылдардан кейінгі балалар әдебиетінің дамуы.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Балалар әдебиетінің жанрлық өсуі

2.Б. Соқпақбаев шығармашылығы

3.М. Иманжанов шығармашылығы



Дәріс мазмұны: Қазақ әдебиетінде балалар әдебиетінің жасалуына зор еңбек сіңірген, соны жолға алғаш қалам сілтегендердің бірі Мұқан Иманжанов еді.

Жаңашыл гуманист жазушының тұтас творчествосаның құрамды бөлігі – балаларға арнап жазған туіындыларынан тұрады. Олардан Мұқанға тән қолтаңбаны, стильдік ерекшелікті көрмеу мүмкін емес. Қашанда творчествалық іске ер көзімен қарайтын сұңғыла суреткер құбылыстың ішкі мәніне көбірек ден қоятынын айқын сезінеміз. Қарапайым, соған қарамай көркем орындалған әңгімелерінің төркініне көз жіберсек жазушы мұратының биіктігі бой көрсетеді. Сол арқылы жанды процесс – биік эстетикалық талап, қылаусыз адалдық, тек еңбек арқылы қол жететін неше алуан адамдық қасиеттер қанға сіңіп, бойға тарап жатады..

«Көлемі шағын, айтары мен өнегесі айқын, көркемдік бояуы ажарлы да қызықты шығармаларымен М.Иманжанов қазақ әдебиеті тарихынан өзіне тиісті орынды көркейтіп тұрары анық», - дейді профессор Т.Кәкішев. Балалар әлемінің құпияларын ашуға арналған күрделі «Алғашқы айлар» повесін айтпаанда, оның «Жол үстінде», «Ораз бен Боря», «Талап», «Сапардың тәжірибесі», «Қорқау», «Бес», тағы басқа әңгімелері қазақ әдебиетінде шағын жанрды құнарландыра түскені анық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет