Сабақ кестесі: Оқу тоқсаны 5 оқу аптасынан және сынақ аптасынан тұрады. Аптасына кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат саны бір байланыс сағатынан (дәріс,практика) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан



бет55/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#11586
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   90
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

1.Балдырған журналы қай жылдан шыға бастады

2.М.Әлімбаевтың туып өскен ортасы

3.М.Әлімбаетың өлең- тақпақтарының мәні

4.М.Әлімбаев құрастырған сөздіктер қандай

5.М.Әлімбаетың мысал ертегілері туралы



Әдебиеттер:

1.Қазақ балалар әдебиеті. 1974ж

2.Әлімбаев М. Таңдамалы 2 –А,томдық. А. 1983

3.Сөзстан –А,1983

4.Қазақ-совет балалар жазушылары А1987

5.Қазақ газет-журналдары (2000-2010)

6.Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры.-А,1984
13-апта

13-апта

Дәріс тақырыбы: Қадыр Мырзалиев пен Т.Молдағалиев шығармашылығы

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Қ.Мырзалиев шығармашылығы.

2.Т.Молдағалиев шығармашылығы

Дәріс мазмұны: Көрнекті балалар ақыны Қадыр Мырзалиевтің өлеңдері арқылы біржола орын тепкен лирика мен юмордың астасуы алғаш рет аталмыш ақын творчествасында айқынырақ ткөріңіс тапқан еді. Кейігі кезде балаларды өздерінің түрлі қылықтарына сүйсіне отырып баулудың сырттай қызықтауға қарағанда, әлдеқайда тиімділігін сезінуден туған осы бір тәсіл балалар өлеңінің тартымды шығуына бірден-бір кепілдік берер факторға айналды. Мұның өзі оның әжептәуір өсіп, өрелі биікке қадам басқандығын дәлелдесе керек. Жалпы, балалар өлеңінің ата-аналар көкейіндегіні ғана жалаң жеткізіп, өз оқушысының бейтарап калатын түрлері бірте-бірте өз мәнің жоғалтуына, сәби көңілін сергек те серпімді. Қасиетімен баурап алатын туындылардың дүниеге келуі айтарлықтай әсер етті. Сондай төрт құбыласы тең туындылар қатарына Қ.Мырзалиевтің өлеңдерін жатқызуға болалды. Оларды оқып отырып, автордың жатпай-тұрмай ізденетіндігін, интелектісі молдығын, соның арқасында оқушысына рухани азық болар нысаналы ойлар ауқымында сүрініп-қабынбай еркін көсілуге машықтанып алғандығын байқасың. Ең бастысы – ертегі, тақпақ,, мысал, жұмбақ, жаңылтпаш, мазақтама т.с.с. жанр түрлеріеің өзіңе сай көтерер жүгін, өзіңдік ерекшелігін, мақсаты мен міндетін жақсы біледі, ненің не екенің ажыратпай, «тисе терекке, тимесе бұтаққа» деп жазу принципіне иатымен қарсы. Сол себепті де өзі оқушысын адаспай тауып жатады.

«Бөбегімін Ильичтің»- лирик Тұманбай Молдағалиевтің, жаңылмасақ, балалдарға арнап әр жылдарда жазған өлеңдерініңм тұнғыш топоамасы. Қрлымызға үлкен үмітпен алғанымызбен, кішкентай күдігіміздің болғанын да жасырмаймыз. Балалар поэзиясы сырын білмеген кез келген адамға жалынан ұстап жайдақ мінетін жабы сияқты көрінгенмен, алғашқыда атып кетер асаулығы бар «тұлпар тай – сұнқар тай» ғой. Қуанышты жағдай – Тұманбай Молдағалиев бөтен мінез танытып бас салмай, лирикадағы өзінің жұмсақ та жайлы тілімен жақын барып, қақпайына көндіріпті. Ақын баланың арманын, қуанышын, іс-әрекет, өкпе-назын өздерінің аузынан айтқызып, тәсілге жаңа-жаңа мазмұндар арқылы ерекше сипат берген. Өлеңдерінде өзгелердегідей жарқ-жұрқ еткен теңеу, түкепірінде жатқан таңданыс пен күлкі жатқан тапқырлық болмағанмен, басынан сипап, бауырына тартқын келіп тұратын биязы сәбилер бейнесі бар. Сондай-ақ домбыраның үстіңгі ішегіндей үнемі уілдеп үн қосып отыратын әкелік жүректің үні естіледі. Ол одан сайын сезімді қозғап, іш жылатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет