Сабақ кестесі: Оқу тоқсаны 5 оқу аптасынан және сынақ аптасынан тұрады. Аптасына кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат саны бір байланыс сағатынан (дәріс,практика) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан



бет44/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#11586
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   90
7-апта

7-дәріс

Дәріс тақырыбы: 1917 жылдан кейінгі кеңес дәуірінің алғашқы жылдарындағы қазақ балалар әдебиетінің дамуы.

Қарастырылатын сұрақтар: 1. 1917-1940 ж. қазақ балалар әдебиетінің ддамуына ықпал жасаған некгізгі жайлар.

2. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиндердің жаңа қазақ балалар әдебиетінің дамуына қосқан үлестері.



Дәріс мазмұны: Сәкен 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді болысының бірінші ауылында (Қазіргі Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы) туған. Шын есімі Сәдуақас. Қажырлы, сөзге шешен, домбырашы, саятшы, аңшы Сейфолланың көп істері, әрекет қимылы, мінез қалыбы болашақ ақынның өр, қайсар, әділ болып өсуіне әсер етеді, жас Сәкен шешесі Жамалдың да ертегісін тыңдаудан жалықпайды. Ауыл молдасынан хат таниды. Арабша хат танып, қисса-хикаяны өзі оқи алатын деңгейге жеткен Сәкенді әкесі орысша оқысын деп Нілді заводына жібереді. Тырнақ алды қадамын Нілді заводында қалжың өлең жазудан бастаған жас дарын қазақ фольклорын, Абай шығармаларын, орыс, Европа әдебиеттері классикасын игеруге талаптанады. «Айқап» журналына хат-хабар, сын мақала, бірнеше өлеңдерін бастырады. 1914 жылы жиырма жастағы семинарист Сәкеннің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағы Қазан қаласында басылып шығады.

Семинарияны бітірген соң сол тұстағы қазақ оқығандары сияқты Сәке де еңбек жолын «Сілеті-Бұғылы» деген жерде ауыл мұғалімі болудан бастайды.1916 жыл оқиғалары, әсіресе әлемді дүр сілкіндірген 1917 ақпан төңкерісі Сәкен өмірінде, оның азаматтық, ақындық тағдырында ерекше орын алады. Бұл күндердің шежіресі «Тар жол, тайғақ кешу» романында көрініс табады. Оның құдіретті қаламынан: «Асау тұлпар»(1922), «Домбыра»(1924), «Экспресс»(1926), «Тұрмыс толқынында»(1928), «Көкшетау»(1929), «Альбатрос»(1933), «Қызыл ат»(1934), «Социалистан»(1935) сияқты өлең, поэма кітаптары, «тар жол, тайғақ кешу»(1927), «Жер қазғандар»(1928), «Айша»(1922), «Жемістер»(1935) прозалық шығармалары, «Бақыт жолыма»(1917), «Қызыл сұңқарлар»(1920) драмалары, «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары»(1933), «Қазақ әдебиеті»(1932) сияқты зерттеу еңбектері шықты. 1936 жылы Қазақ әдебиетінің көзі тірі классигі Сәкен сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдығы тойланып, оған еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту» ордені берілді. Трагедиялық ажал Сәкенді 1938 жылы 28 ақпанда мерт қылды.

Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған «алыптар тобында» ірі ақын, іргелі прозаик және драматург Бейімбет Майлиннің орны өзгеше, бөлек. Қалам қызметіне ерте араласқан Майлиннің ширек ғасыр ішінде жазған таңдаулы поэзиялық, прозалық, драмалық шығармалары – біздің бүгінгі сөз өнерімізге қосылған қымбат қазына.

Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде туған. Екі жасында әкеден жетім қалған Бейімбет бір байдың сауыншысы боп жүрген анасының қолында тәрбиеленеді.

Майлин алғаш рет аул молдасынан сауат ашып, хат таниды. Содан соң есігінде жүрген бай үйінде тұратын Әбдірахман Сатыбалдин деген татар мұғалімнен доріс алады. Одан әрі іргелес көрші ауылдағы басқа бір Әбдірахман Арғынбаев дегеннің медресесіне түсіп, екі жыл (1910-1912) оқиды.

1913-1914 жылдарда Майлин Троицкідегі «Уазифа» мектеб інде, оны бітіргеннен кейін Уфа қаласындағы Медресе-Ғалияда оқиды.

Бірақ денсаулық жағдайына байланысты Медресе-Ғалияның оқуын аяқтай алмай, 1915 жылы дәрігерге көрінбек боп Троицк қаласына қайтып оралады да, осы тіста «Айқап» журналында қызметте жүрген Сұлтанмахмұт Торайғыровпен, Мұхамеджан Сералинмен танысады. Журналда бірнеше өлеңдер жариялайды.

1923 жылы Майлин Қостанай қаласына барып, «Ауыл» деген жаңа газет шығарысады. Көптеген новеллалары, сықақ әңгімелері, белгілі «Раушан-коммунист» хткаяты осы газет бетінде жарық көреді.1925 жылы Өлкелік өкіметтің арнайы шақыруымен республиканың сол кездегі астанасы Қызылордаға келіп, қайтадан баспасөз және баспа орындарында әр алуан қызмет атқарады. 1934-1937 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып істейді.

Осы ғасырдың оныншы жылдарының орта тұсында (1914-1915) Майлин «Шұғаның белгісін» Б.Майлиннің суреткерлік шеберлігінің ерекше өрнектері осы «Шұғаның белгісінің» бітімінен айқын байқалады. Ол – оқиға желісінің ширақ өрілуі, образдарының айқын даралығы, портрет бояуларының сараң болса да келістілігі, адам психологиясының иірімдерінің терең бейнеленуі, қысқа да мағыналы диалогтар, нағыз халықтық тіл оралымдар. Мұндай сипаттар жазушының кейінгі шығармаларына да дарыған.

Б. Майлин әңгімелерінің тақырыптық шеңбері кең, оларда қазақ даласы өміріндегі түбегейлі өзгерістер әр қырынан егжей – тегжейлі баяндалады. Жазушы көркем әңгімелерінде қазақ даласының революцияға дейінгі жай – күйі, революция жеңісі, ауылдағы тап – тартысы, советтік құрылыс пен мәдениет революциясының табыстары, қазақ еңбекшілерінің сана – сезімінің ояну, жетілу құбылыстары, өмірде, тұрмыста ескі мен жаңаның арасындағы қайшылық, жаңаның мерейінің үстемдігі молынан қамтылып, тереңнен алынып суреттеледі.

Революциядан бұрынғы ауылдағы теңсіздік, қайшылық, кедей шаруаның сүреңсіз тұрмысы, бай мен кедей арасындағы тартыс, қанаушы таптың кедейге мейірімсіздігі автордың «Күлпаш» (1922), «Айт күндері» (1922) әңгімелерінде шынайы әшкереленеді.

Ұлы Октябрь социалистік революциясы қазақ кедейінің таптық санасын оятып, тап күресіне жұмылдырды. «Кедей теңдігі» (1923), «Айранбай» (1924), «Күлтай болысы» (1925), «Шапайдың хаты» (1928), «Ақталған еңбек» (1928) әңгімелерінің бәрінде де осындай шиеленіскен күрес шындығы бейнеленген. Бұл әңгімелердің бәрінде де Совет өкіметі арқасында теңдікке қолдары жетіп, өз өкіметінің ұрандары үн қосқан, оларды іске асыруға жұмылған кешегі жалшы, малай, жарлылар – бүгінгі қадірлі азаматтардың образдары бейнеленген.

Академик – жазушы М.Әуезов: «Бейімбет әңгімелерінің көп топтары революцияның ең алғашқы жылдарынан бастап, отызыншы жылдардың ортасына дейін совет дәуірінде қазақ ауылында болған өмірдің ұзақ көркем шежіресі деуге болады », - деп оның әңгімелерін жоғары бағалады.

Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Аұсу болысында (қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданы) туған. Ескіше хат танитын, араб – парсы, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз – ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме – шежірелерді жақсы білетін, көкірегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнердің басын ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, кошелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, көп жақсы үлгі көрсетіп, қазақы адамгершілік жолымен тәрбиелеп өсіреді.

Дауылды жылдардың тартысы тіршілігі жас мұғалімді өз толқынына тартады. Қазақ ағарту институтында, Жетісу облысының Қосшы комитетінде, губерниялық оқу бөлімінде, «Тілші» газеті редакциясында қызмет істеу, экспедицияға шығып фольклор үлгілерін жинау кешегі ауыл жігітін ширатып, шыңдайды. Жас азаматтың қызметтен өзге уақыты түгелдей кітап, газет-журнал оқуға, өз көкірегіндегі сырларды қағазға түсіруге жұмсалады. Алғашқы өлеңі 1917 жылы 22 тамызда басылған Ілияс «Тілші», «Кедей еркі», «Лениншіл жас» газеттерінде, «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» журналдарында жиі көрінеді. 1927 жылы «Беташар» атты үгіт өлеңі, 1928 жылы «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы шығады.

1928 жылы журналистика институтын бітіріп, елге оралған Ілияс Жансүгіров «Еңбекші қазақ» газеті редакциясында қызмет істеп, қазақ совет баспасөзінің қалыптасуына көп үлес қосты. Аршынды қаламгер, үлкен мәдениет қайраткері Ілияс Жансүгіров 1934-1935 жылдарда Қазақстан Жазушылар одағының председателі болады, 1935-1937 жылдарда көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады, СССР Жазушыларының І съезінде сөз сөйлейді, республиканың әлеуметтік өміріне белсене араласады. Жазушының М.Горькиймен шығармашылық байланысы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет