Сабақ кестесін құрастыру жөніндегі Əдістемелік ұсынымдар


Аралық және қорытынды аттестаттау ке-



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата14.05.2023
өлшемі324,56 Kb.
#92907
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
6. Аралық және қорытынды аттестаттау ке-
стесін құрастыру тәртібі
Модульдер мен пәндердің тізбесін, білім алушы-
ларды аралық аттестаттауды жүргізу нысанын 
білім беру ұйымдары оқудың жұмыс бағдарлама-
лары мен жоспарларына сәйкес белгілейді және 
оқу жылының басында оқу-тәрбиелеу процесінің 
кестесіне енгізеді. 
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кей-
інгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды 
аралық аттестаттау білім берудің жалпыға міндет-
ті мемлекеттік стандарттары негізінде әзірленген 
оқудың жұмыс жоспарлары мен бағдарламала-
рына сәйкес, курстық жобаларды (жұмыстарды), 
сынақтар мен емтихандарды қорғау нысанында 
жүзеге асырылады, осы ретте сынақтар және кур-
стық жобаларды (жұмыстарды) қорғау емтихан-
дар басталғанға дейін өткізіледі. Курстық жобалар 


33
(жұмыстар) осы пән бойынша курстық жобаны 
(жұмысты) орындау үшін жеткілікті білімді мең-
геруді қамтамасыз ететін пәннің теориялық бөлігі 
немесе тарауы аяқталғаннан кейін орындалады. 
Егер ағымдағы семестрдің оқу жоспарында 
осы модуль немесе пән бойынша емтихан неме-
се қорытынды сынақ түрінде аралық аттестаттау 
көзделмесе, сынақтар келесі семестрге өтетін мо-
дульдер, пәндер бойынша өткізіледі. Сынақтар 
ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша қойыла-
ды және кестеге енгізілмейді.
Сараланған сынақтар курстық жобалар (жұмы-
стар), кәсіптік практика, сондай-ақ тізбесі оқудың 
жұмыс жоспарына сәйкес анықталатын арнайы 
модульдер бойынша жүргізіледі.
Күндізгі, кешкі және сырттай оқу бөлімінде-
гі білім алушылармен аралық аттестаттауды ұй-
ымдастыру мақсатында, жыл сайын аралық атте-
статтау кезеңіне емтихандар мен консультациялар 
кестесі құрастырылады. Аралық аттестаттау ке-
стелері оқу жылына бекітілген оқу процесінің ке-
стесіне сәйкес және оқудың қолданыстағы жұмыс 
бағдарламалары мен жоспарлары негізінде құра-
стырылады.
Аралық аттестаттау кестесін құрастыру кезінде 
мынадай шарттарды ескеру ұсынылады:
- аралық аттестаттауды өткізу мерзімі оқу про-
цесінің кестесінде бекітілген мерзімге сәйкес ке-
луі тиіс;
- білім алушыларға әрбір емтиханға дайында-
луға кемінде 3 күн берілуі тиіс
- бір емтиханда екі оқытушының болуын ескере 
отырып жоспарлау. 


34
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі 
білім беру ұйымдарында білім алушыларды қоры-
тынды аттестаттау оқу процесінің кестесінде және 
оқудың жұмыс жоспарларында көзделген мерзім-
де техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі 
білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стан-
дарттарында айқындалған нысанда жүргізіледі. 
Мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөлімі ұй-
ымының оқу процесі кестелері үнемі сәйкес келе 
бермейтінін ескере отырып, бір мамандықтың те-
ориялық сабақтар кезеңін басқа мамандық бойын-
ша аралық аттестаттау кезеңіне салу орын алады.
Мұндай жағдайларда, егер оқытушы теориялық 
оқу мен аралық аттестаттауда бір уақытта болса, 
бөлімше меңгерушілері тиісті циклдік комисси-
яның төрағаларымен бірлесіп, оқытушы аралық 
аттестаттауда болған күні теориялық сабақ жүргі-
зетін оқытушыны ауыстыруды алдын ала көздеуі 
тиіс.


35


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет