7. Оқудың сабақ кестелерінің орындалуы мен
аудиториялық қордың пайдаланылу
тиімділігін бақылау
7.1. Оқудың сабақ кестесінің құрастырылуын
және оның орындалуын жалпы бақылауды дирек-
тордың оқу ісі жөніндегі орынбасары жүзеге асы-
рады.
7.2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбаса-
ры, бөлімше меңгерушілері сабақ кестесінің құра-
стырылуын және лауазымдық міндеттеріне сәйкес
оқу процесінің барысында оның іске асырылуын
бақылауды жүзеге асырады және ол үшін жауапты
болады.
7.3. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
● оқу жоспарларына және жұмыс бағдарлама-
ларына сәйкес, сабақ кестесінің құрастырылуын
тексереді;
● әрбір оқу кезеңінде аудиториялық қордың
сабақ басталуына дайындығын бақылайды, оны
бөлуді жүргізеді.
7.3.3. Бөлімшелердің меңгерушілері:
● бекітілген сабақ кестесінің іске асырылу про-
цесін бақылайды;
● аудиториялардың дайындығы және оқытушы-
лардың сабақ өткізу үшін кіруге рұқсатын қамта-
масыз ету;
● кестеге сәйкес сабақ өткізу;
● сабақтардың уақтылы басталуы мен аяқталуы;
● пайдаланылатын аудиториялардың кестеде
көрсетілгендерге сәйкес келуі;
● сабақ кестесіне келісілген өзгерістер енгізеді
және қажет болған жағдайда қосымша аудитория-
лар бөледі.
36
Оқудың сабақ кестелерінің орындалуын
ағымдағы бақылауды оқу бөлімінің қызметкер-
лері жүзеге асырады. Директордың немесе дирек-
тордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының өкімі
бойынша аудиториялық қордың пайдаланылу
тиімділігін, оның жай-күйін және сабақ кесте-
лерінің орындалуын тексеру бойынша арнайы
уақытша комиссиялар құрылуы мүмкін.
Колледж ішіндегі бақылаудың негізгі объектісі
білім беру процесі болып табылатындықтан, са-
бақ кестелерінің орындалуын бақылауды колледж
ішіндегі бақылау жоспарына енгізу ұсынылады.
Колледж ішіндегі бақылау қорытындылары оқу
орнының педагогикалық, әдістемелік кеңестерінің
отырысына шығарылады.
|