Сабақ кестесін құрастыру жөніндегі Əдістемелік ұсынымдар



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата14.05.2023
өлшемі324,56 Kb.
#92907
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Осы әдістемелік ұсынымдар барлық оқу ны-
сандарының сабақ кестелерін дайындаудың, құра-
стырудың, келісудің және бекітудің әдіснамалық 
тәртібін сипаттайды. 
Осы ұсынымдарда «Білім туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңына және Техникалық және 
кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға мін-
детті стандартына сәйкес терминдер мен анықта-
малар қолданылады. Оларға қосымша мынадай 
терминдер мен олардың анықтамалары қосылған:
аудиториялық қор - оқу сабақтарын өткізуге 
арналған: оқу кабинеттерінің, зертханалардың, 
оқу-өндірістік шеберханаларының, оқу полигон-
дарының жиынтығы;
білім беру ұйымдарындағы білім алушы-
ларды қорытынды аттестаттау - оқу жұмыс 
жоспарларында көзделген оқу бағдарламалары-
ның көлемін меңгеру деңгейін анықтау мақсатын-
да ТжКБ оқу орны өткізетін шара. 
зертханалық-емтихандық сесия – сырттай оқу 
бөлімінің білім алушыларымен зертханалық-прак-
тикалық сабақтар өткізу және оқу орнында емти-
хан тапсыру кезеңі
модуль – білім беру бағдарламасының тәуелсіз, 
өзіндік жеткілікті және толық бөлімі немесе оқыту 
кезеңі; 
модульдік оқыту – модульдік білім беру 
бағдарламаларын меңгеру негізінде оқу процесін 
ұйымдастыру тәсілі;
қос сабақ – оқу модульдерінің немесе пән-


11
дерінің бір тақырыбы бойынша екі біріктірілген 
сабақ түріндегі сабақ. Қос сабақтардың ұзақтығы 
2 академиялық сағатты немесе 90 минутты құрай-
ды;
практикалық сабақ – тапсырмаларды орындау 
арқылы білімді, дағдыларды, машықтарды бекіту 
және кәсіптік біліктілікті қалыптастыру;
– бұл оқу аудиториясында оқытушының басқа-
руымен өткізілетін, теориялық білімді тереңдету-
ге және өз бетінше жұмыс істеудің белгілі бір әді-
стерін меңгеруге бағытталған сабақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет