Сабақ кестесін құрастыру жөніндегі Əдістемелік ұсынымдар


оқу аптасы – дүйсенбіден басталатын бес  (алты) күндік уақыт аралығы; сабақ жүйесі



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата14.05.2023
өлшемі324,56 Kb.
#92907
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
оқу аптасы – дүйсенбіден басталатын бес 
(алты) күндік уақыт аралығы;
сабақ жүйесі – оқу сабақтарын өткізу үшін 
жасы бірдей білім алушылар белгіленген уақыт 
кезеңі ішінде (әдетте — оқу жылы) өз құрамын 
сақтайтын шағын ұжымдарға (топтарға) топта-
стырылатын, қазіргі білім беру жүйесінде басым 
және барлық жерлерде таралған оқу процесінің 
ұйымдастырылуы. Осы ретте оқудың негізгі ныса-
ны сабақ болып табылады. Сабақ жүйесі сабақты 
ұйымдастырудың сұрауды, түсіндіруді, бекітуді, 
үй тапсырмасын қамтитын құрылымымен ерек-
шеленеді; Сабақтың мақсаттары: танымдық, да-
мытушы, тәрбиелік.


13
циклдік комиссия (әдістемелік бірлестік) –
бірқатар ұқсас пәндер оқытушыларының бірлесті-
гі. Циклдік комиссия кемінде 3 адамнан тұратын, 
оқу жоспарының құрылымын есепке алғанда, ұқ-
сас пәндер оқытушыларынан құралады. 
Сабақ кестелерін құрастыруға қойылатын 
жалпы талаптар:
Кестеде барлық оқу топтары үшін әрбір модуль 
мен пән бойынша оқу сабақтары туралы толық 
ақпарат (күні, уақыты, орны және сабақтардың 
түрі) қамтылуы тиіс. Оқу сабақтары дәрістер, 
консультациялар, семинарлар, практикалық са-
бақтар, зертханалық жұмыстар және т.б. түрінде 
өткізіледі. 
Сабақ кестесін құрастыру кезінде оқу апталарын 
есепке алу «тақ» және «жұп» апта (алым/бөлім) 
қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Апталарды 
санау оқу жылының басында қалыптастырылады 
және бірінші тақ (алым) аптадан бастап барлық 
оқу жылы ішінде тура нөмірлерге ие болады.
Оқу жұмысының барлық түрлерінің оқу са-
бақтары үшін академиялық сабақ 45 минуттан ас-
пайды. Бір қос сабақтың ұзақтығы 2 академиялық 
сағатты немесе 90 минутты құрайды.
Сабақ кестесін құрастыру кезінде бір оқу тобын-
да модульдер немесе пәндер бойынша аудитори-
ялық сабақтардың ұзақтығы күніне 8 академиялық 
сағаттан артық ұсынылмайды (дене шынықтыру 
және факультативтік пәндер бойынша сабақтарды 
есепке алмағанда). Сабақ кестесіне бір модуль не-
месе пән бойынша теориялық сабақтарды күніне 


14
екі сағаттан артық қосуға жол берілмейді. 
Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесі білім 
алушылардың тамақтануы мен белсенді демалуы 
үшін ұзақтығы жеткілікті үзілісті көздеуі тиіс. 
(«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы-
ның 48-бабының 5-тармағын қараңыз)
Модульдер мен пәндер бойынша оқу сабақтарын 
қос сабақ түрінде ұйымдастыру кезінде бір күнде 
әрбір қос академиялық сағаттан кейін кемінде 10 
минутты құрайтын үзіліспен төрт қос сабақтан ар-
тық жоспарланбайды.
Білім алушыларға бір аптада түсетін оқу жүкте-
месінің (оқу сабақтары) ең көп көлемі Техникалық 
және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандартымен айқындалады. Оқу жылы-
ның ұзақтығы мереке күндерін қоса алғанда 40 ап-
тадан артық жоспарланбайды. Оқу жылы екі се-
местрге (жартыжылдық) бөлінеді.
Білім саласындағы уәкілетті орган оқу аптасы-
ның басқа тәртібін белгілемесе, жексенбі және Қа-
зақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ме-
реке күндерін қоспағанда, барлық күндер оқу күн-
дері болып саналады. Сенбі күндері өнеркәсіптік 
кәсіпорындардың өндірістік зертханаларында са-
бақ өткізуді жоспарлау ұсынылмайды.
Оқудың сабақ кестелері қалың қағазда түзе-
тусіз және өшірусіз анық басып шығарылуы тиіс. 
Сабақ кестесіне директордың оқу жұмысы 
жөніндегі орынбасары қол қояды, директор бекі-
теді және семестр немесе сессия басталғанға дей-
ін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей, көру үшін қол-
жетімді, арнайы бөлінген орындарда ілінеді.
Сабақ кестесінің электрондық нұсқасы кол-


15
ледждің сайтында орналастырылады. Сабақ кесте-
лерінің даналарын оқу орнының істер номенкла-
турасына сәйкес сақтау ұсынылады (5 жылдан кем 
емес). 
Оқытушылар ауырып қалған (іссапар, демалыс 
және т.б.) жағдайда қолданыстағы сабақ кестесін-
де көзделген оқу сабақтарын ауыстыруды оқу ор-
нында қабылданған арнайы журналда өндірістік 
ауыстырудың күні мен уақытын, оның себебін 
және ауыстыруға рұқсат берген басшының Т.А.Ә. 
көрсете отырып, тіркеу ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет