Сабақ кестесін құрастыру жөніндегі Əдістемелік ұсынымдар


Күндізгі оқу бөліміндегі білім алушылардың



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата14.05.2023
өлшемі324,56 Kb.
#92907
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
4. Күндізгі оқу бөліміндегі білім алушылардың 
сабақ кестесін құрастыру тәртібі 
4.1. Оқу бөлімі сабақ кестесін құрастыру үшін, 
директордың күндізгі оқу бөлімінде білім алушы-
лар үшін оқу процесін ұйымдастыру туралы бұй-
рығын және бекітілген жұмыс регламентін бас-
шылыққа ала отырып, ағымдағы оқу жылына 
бекітілген оқу топтарының санына, білім алушы-
лардың ауыспалы құрамына, оқу процесінің ке-
стесіне және барлық іске асырылатын маман-
дықтар бойынша оқудың қолданыстағы жұмыс 
жоспарларына талдау жүргізеді және диспетчердің 
жұмыс журналын қалыптастырады.
Оқу бөлімінде семестрлер бойынша есепке алу 
журналын жүргізу ұсынылады, оған барлық оқу 
топтары, оқу жұмыс жоспарларында көзделген оқу 
модульдері мен пәндері, сабақ түрлеріне бөлінген, 
бір апта ішіндегі оқу сабақтарының сағат саны, 
білім алушыларды аралық аттестаттау нысандары, 
сабақтарды өткізуі жоспарланған оқытушылардың 
тегі енгізіледі. Оқу бөлімі жүргізілген талдаудың 
негізінде және семестрлер бойынша есепке алу 
журналын пайдалана отырып, оқу топтарын және 
модульдер мен пәндерді бөлімшелер бойынша 
бөлудің үзінді көшірмелерін құрастырады (қоса 
берілген 1-нысанға сәйкес). 
Толтырылған үзінді көшірме нысаны танысу 
және ұсыныстар беру үшін циклдік комиссияларға 
беріледі. Өз кезегінде, циклдік комиссиялар білім 
алушылардың ауыспалы құрамының оқу топта-
рына, оқу жоспарларына және ұсынылған үзінді 
көшірмелерге талдау жүргізеді, олардың түрлері 


22
бойынша сабақ өткізу үшін жоспарланған оқы-
тушылардың тегін анықтайды. Толтырылған үзін-
ді көшірмелер оқу бөліміне ескертпеде көрсетіл-
ген күннен кешіктірілмей қайтарылады. Үзінді 
көшірмелерді толтыру кезінде циклдік комисси-
ялардың төрағаларына сабақ кестесін құрастыру 
барысында және арнайы модульдер мен пәндердің 
оқытушыларының жұмысын жоспарлау кезінде 
ескерілуі тиіс ерекше жағдайларды көрсету мүм-
кіндігі беріледі. Оқу бөлімі үзінді көшірмеде көр-
сетілген ерекше жағдайларды көрсетілген жағдай-
лардың орындалуы сабақ кестелерін құрастыру-
дың жалпы қағидаттарына қарама-қайшы келме-
ген жағдайда ескереді. 


23


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет