Сабақ конспектілері Дәріс-1 Бастауыш сыныптарда көркем еңбекті оқытудың теориялық негіздері


Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пəнiнiң мазмұнын жүйелi түрде баяндайтын кiтап. Оқулыққа қойылатын негiзгi талаптар



бет8/33
Дата18.03.2022
өлшемі71,73 Kb.
#28388
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Байланысты:
дәріс тезистері

Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пəнiнiң мазмұнын жүйелi түрде баяндайтын кiтап.

Оқулыққа қойылатын негiзгi талаптар:

-оқу бағдарламасына сəйкес болу;

-оқушылар үшiн ұғымды, қысқа жəне қызықты болу;

-көрнекiлiктермен жақсы жабдықталу;

-тiлi балалардың жас ерекшелiктерiне сəйкес болуы керек;

- тексеру, өзiн-өзi тексеру жəне оқу нəтижелерiн түзетуге арналған сұрақтар мен жаттығулардың болуы.

Оқулық оқушылар оқу материалын саналы, белсендi түрде, толық меңгеруiн қамтамасыз етуi керек.

Оқулыққа қойылатын талаптар күрделi болғандық-тан соңғы кезде əрбiр пəннен бiрнеше нұсқада оқулықтар, оқу құралдары жарыққа шығуда. Дəстүрлi кiтаптармен қатар аудио-, видеокассеталар жəне компактдисктерге жазылған оқулықтар пайдаланып жүр.

Көркем еңбекті ің негізгі мақсаты – жалпы білім беретін орта мектептердегі оқу-тәрбие үдерісі барысында өтілетін көркем еңбекті ің әдіс-тәсілдері мен формаларын игеру болып табылады. Ал негізгі міндеттеріне көркем еңбекті сабағында оқушыларды еңбек іс-әрекетіне жаттықтыру, еңбек түрінің алуан түрлілігін ұғындыра отырып, өз тұсынан еңбек етуге талпыныс көрсету, алдына қойған мақсатына жету.

Бастауыш сыныптарда көркем еңбекті пәні бойынша мемлекеттік стандартқа, оқу бағдарламасына, оқулықтар мен әдістемелік нұсқауларға көз жүгіртсек, оқушыларды көркем еңбекті мәселесі ертеден-ақ қолға алынғандығын байқаймыз.

1864 жылы Қазақстанға білім беру ісін тұңғыш қолға алған ағартушы-педагог Ы. Алтынсарин білім беретін тұңғыш бастауыш мектеп ашып, қазақ халқының өміріне жаңалықтар енгізген. Ырғыз селосында 1887 жылы қазақ қыздары үшін мектеп-интернат ашып, қазақ қыздарын алдымен қолөнерге еңбекті көздеді. Мұның себеі, адамды тәрбиелейтін құрал – еңбек деп білді.

1889 жылы Ресейде мұғалімдер семинариясында Швецария педагогы Сент-Илердің «Қол еңбегін оқыту негіздері» деген еңбегінің тұсау кесері болды. Бұл еңбектегі ұсыныстардың негізгілері семинарияның оқу ісіне енгізілді.

Қазақстанда Ресей бағдарламасына негізделіп алғаш рет төл бағдарлама жасалды. Бағдарлама жасау кезінде ең алдымен ауылдық мектептердің бастауыш сыныптарындағы еңбек сабағы еніп, ол бойынша ауылшаруашылық еңбегіне баса назар аударылды. Осы бағдарлама негізінде:



        1. Бастауыш сынып оқушыларына арналған қол еңбегі (1955-1958);

        2. Көркем оқыту және қоғамдық пайдалы еңбек (1959-1964);

        3. Үш жылдық бастауыш мектепте көркем үйрету пәні (1965-1990);

Білім беру стандарты әлеуметтік-педагогикалық ерен құбылыс ретінде болашаққа бағдарланған білім моделі болып табылады. Сондай-ақ жалпы орта білім берудің базалық мазмұнының құрылымы мен құрамына, оқушылардың дайындық деңгейлеріне және оқу жүктемесінің жоғары шекті көлеміне қойылатын талаптар мен нормалар жүйесін белгілейді.

Біз осылардың ішінен 1–4 сыныптардағы «Көркем үйрету» дегі алдыңғы жарияланған білім стандартымен салыстырғанда елеулі өзгерістер енгізілгеніне тоқталамыз. Бұл стандарт құрылымында пәннің қолдану саласы, нормативті сілтемелер, анықтамалар мен қысқартулар енгізілді. Сондай-ақ стандартта «Көркем еңбекті» ің мақсаты – білім беру мәнінің жаңа бағытына сәйкес еңбек іс-әрекеті негізінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру деп айқындалды. Осыған орай «Көркем еңбекті» пәні міндеттерінің желісі түзілді:

– оқушылардың жеке тұлғасының көркем мотивтік сапаларын дамыту;

– оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;

– оқушылардың қарапайым құралдарымен және әр түрлі материалдармен жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру;

– пәндік-практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

«Көркем еңбекті» ің мектептің бастауыш сатысындағы оқу жүктемесінің көлемі – 272 сағат, әр сыныпта оқу жылында 68 сағат, аптасына 2 сағаттан болып белгіленді.

Сонымен бастауыш сыныптардағы «Көркем еңбекті» ің базалық білім мазмұны: техникалық еңбек, көркем еңбек, дизайн, тұрмыстық еңбек бөлімдерінен тұрады.

Базалық білім мазмұнын жүзеге асыру барысында оқушылар:

Техникалық еңбек бөлімінде түрлі материалдардың қасиеттері мен ерекшеліктерін біледі. Қарапайым бұйымдарды жасау әдістемесін үйренеді.

Көркем еңбек бөлімінде қолданбалы қолөнер негізінде түрлі ойыншық, тұрмыс бұйымдарын жасап, безендіреді. Бұйымдарды көркемдеп безендіру үшін ою-өрнек үлгілерін қолдана отырып, әшекейлеуді үйренеді.

Дизайн бөлімінің мазмұны бұйымдарды көркемдеп, оларды эстетикалық жүйеде безендіруге машықтандырады.

Тұрмыстық еңбек бөлімінде өзіне-өзі қызмет етудің іс-әрекеттерін біледі. Бөлме өсімдіктерін күтіп-баптауды үйренеді. Мектеп, сынып, отбасында түрлі көмек көрсету бағытында ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысады.

«Көркем еңбекті» пәні бойынша мектептің бастауыш сатысындағы оқушылардың міндетті (минимум) даярлық деңгейіне қойылатын талаптар пәннің ерекшелігі ескеріле отырып, «білуі тиіс» және «үйренуі тиіс» деп сараланып берілді.

«Көркем еңбекті» ің базалық білім мазмұны бойынша оқушылардың міндетті (минимум) даярлық деңгейіне жетуін тексеру жалпы техникалық білімі, іскерлігі, практикалық жұмыстарды орындауына қарай бағаланады деп белгіленді.

Оқушылардың білімі мен біліктілігіне мынадай талаптар қойылады:

Түрлі материалдардың қасиеттері мен ерекшеліктерін, құралдар мен арнайы жабдықтардың құрылымдарын, конструкциялау, жоспарлау, өзінің еңбек іс-әрекетін бақылау негіздерін, түрлі материалдардан бұйымдар жасау операцияларының негіздерін, макеттер мен үлгідерді жасаудың жалпы принциптері мен құрылымын, дизайн негіздерін, ұлттық сәндік-қолданбалы қолөнер ерекшеліктерін, тұрмыстық еңбек негіздерін, қауіпсіздік ережелері мен жеке гигиеналық талаптардың орындалуын білуі тиіс болса, олар бақылау мен тәжірибелердің көмегімен әр түрлі материалдардың қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтауды, құралдар мен арнайы жабдықтарды бұйым жасау үдерісінде дұрыс пайдалануды, жоспарлауды, жұмыс орнын ұйымдастыруды, өзін өзі тексеруді, түрлі материалдардан бұйым жасауды, технологиялық операцияларды орындауды, сәндік–қолданбалы өнер негізінде бұйымдар жасауды, заттарды көркемдеп құрастыруды, қауіпсіздік ережелері мен жеке гигиеналық талаптарды орындауды бастауыш сатыны аяқтаған кезде үйренулері тиіс.

Базалық білім мазмұны бойынша оқушылардың жалпы-көркемдік білімі, практикалық дайындығы бақылау, тексеру сұрақтары немесе практикалық жұмыстарды орындау іскерлігіне қарай бағаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет