4-Сабақ Лексикалық тақрып: Заман және заң Әдет құқығы. Қазақ жеріндегі алғашқы заңдар. Билер, билік айту мәселелері. Жеті жарғы. Еліміздің Ата заңы.
Грамматикалық тақрып: Коммуникативтік мақсат-ниеті айқын монолог құрастыру, ондағы факт, оқиға, әрекеттерге көзқарасын, бағасын, пікірін, эмоциясын білдіру тәсілдері. Субстантивтенген сөздерге ілік септігінің жалғануы (білгеннің артығы жоқ, жақсының сөзін тыңда).
1. Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияғаалғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 жылы желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
2. Мәтін бойынша сөздік жұмыс, қарамен боялған сөздерді орыс тіліне аударыңыз, оқыңыз. 3 Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз. 4. Тапсырма орындау. Мәтінді оқыңыздар есте сақтаңыздар. Билер туралы ақпарат жинап, дәптерлеріңізге бес сөйлемнен жазыңыздар. Ұлы жүздің төбе биі, Дулаттың Жаныс руынан – Төле би.... . Орта жүздің төбе биі, Арғынның Қаракесек руынан – Қаздауысты Қазыбек би... . Кіші жүздің төбе биі, Әлімұлының Төртқара руынан Айтық – Әйтеке би ... .
Әйтеке бидің сөзі. Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін;
Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін.
Бай болып пайдаң тимесе,
Батыр болып найзаң тимесе,
Жұрттан алабөтен үйің күйсін!
Заттану (зат есімге айналу), немесе Субстантивтену (лат. substantivum - зат есім) — басқа сөз таптарына жататын сөздердің зат есімге айналуы. Субстантивтену көбінесе сын есімдер мен есімшелерге тән. Олардың бірқатары біржолата зат есімге айналып кеткен: ақтар, қызылдар, сары (ру аты), Түлкілі, Бақалы, Жыланды (жер атаулары), Дәметкен, Үлтуган, Журген (адам аттары), алашақ, берешек, қуймақ, соқпақ, піспек. Бірқатар сөз зат есім қызметін де, өздері жататын сөз таптары қызметін де атқарады: суық, салқын, жарық, жас, кәрі, ескі, жаңа. Бұлардың нақты қызметі сөз тіркесінде, сөйлем құрамында анықталады.
1-жаттығу. Мысалдарды заттануына қарай екі бағанаға бөліп жаз. Оқығаның /адам/көзі ашық. Бүгін біздің үйге алматылықтар келеді.
Жыланды /тауы/ Зеренді өңірінде орналасқан. Жақсының ісі де жақсы. Баланың тілі тәтті. Мараттың кітабы столда жатыр. Киноның билетін Марал қалтасына салды. Жаманның сөзі өткір.Маржаның қызыл көйлегі бар. Жас келсе іске, кәрі келсе асқа келеді. Дала бүгін салқын болды.
2-жаттығу. Мәтіннен негізгі түбір сөздерді тауып, көшіріп жазыңыздар. Аққу қандай құс? Көл ортасында қалың жасыл ала қамыстың айналасы – айнадай жалтыраған кең жайқын. Сол жайқында аппақ болып екі аққу сыланып, ақырын әсем жүзіп көлеңдейді. Екі аққу ұзын, сұлу мойындарын иіп, көл ортасында сыңқылдап, аппақ денесін күміс суға төсеп, әсем жүзіп, күміс судың айнадай мөлдірін шымырлатып сызады. Екі аққудың нәзік сұлу үнімен сыңқылдап жүзген күміс сызығынан сылдырлап, меруерт, гауһар моншақ тізіледі...
Тест тапсырмалары:
1. Қ Р Конституциясы қашан қабылданды.
А) 1995 жылы 30 тамыз
B) 1995 жылы 29 тамыз
C) 1995 жылы 25 тамыз
D) 1995 жылы 28 тамыз
E) 1994 жылы 30 тамыз
2. Конституция неше тараудан тұрады,
А) 9 B) 3 C) 5
D) 7
E) 2
3. Конституция неше баптан тұрады.
А) 98 B) 93 C) 95
D) 97
E) 92
4. 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық не өтті
А) сьезд
B) құрылтай
C) жиналыс
D) референдум
E) фестиваль
5. Ұлы жүздің төбе биі кім
А) Төле би
B) Әйтеке би
C) Қазбек би
D) Бала би
E) Мөңке би
6 Орта жүздің төбе биі кім
А) Төле би
B) Әйтеке би
C) Қазбек би
D) Бала би
E) Мөңке би
7. Кіші жүздің төбе биі кім
А) Төле би
B) Әйтеке би
C) Қазбек би
D) Бала би
E) Мөңке би
8. Субстантивтену латын тілінен аударғанда қандай мағына береді
А) сулану
B) әдемілену C) сұралу
D) заттану
E) есімдектену
9. Етістіктен жасалған заттанған сөздер қатарын көрсетіңіз
А) барып, көріп, оқып
B) бару, көру, отыру C) отырмады, тұрмады, көрмеді
D) оқыған, жүрген, көрген
E) отырысты, жүрісті, көрісті
10. Жақсының ісі де жақсы. Мақалдың мағынасы не, және заттанған сын есімді көрсетіңіз
А) жақсы, жақсылық
B) ісі, жамандық C) Жақсының, татулық
D) де, достық
E) барлық жауаптар дұрыс емес