Сабақ Lesson 1 Қазақ тіліндегі дыбыстардың жазылуы мен оқылуы Reading and writing of the Kazakh alphabet letters



бет12/12
Дата18.11.2023
өлшемі56,42 Kb.
#124434
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Қазақ тілі УМКД А1А2

Кітапханада
Біз Қазақстанда Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде оқимыз. Медициналық білімді біз ағылшын тілінде аламыз. Университетіміздің кітапханасы өте бай. Мұнда қазақ, орыс, ағылшын тілінде медициналық оқулықтар көп. Біз ағылшын тіліндегі медициналық оқулықтарға тапсырыс береміз.
Кітапханада электрондық кітапхана залы, оқу залы, абоненттік бөлім бар. Біз өзімізге қа-жетті кітаптарды жүйелік каталогтан іздейміз. Қажетті кітапты тапқан соң, кітапханашыларға тапсырыс береміз. Олар бізге кітапты тауып береді. Кітапхананың іші жылы, жайлы және жарық. Біздің университетте студенттерге білім алуға барлық жағдай жасалған.
Сөздік (Vocabulary)
бай - rich
тапсырыс бер(у) - to order
электрондық кітапхана - electronic library
тауып бер(у) - to find медициналық оқулықтар - medical textbooks
тап (табу) - find
қажетті кітап - necessary books
білім ал(у) - to get knowledge
Mәтін бойынша қойылган сұрақтарға жа­уап беріңіз (Answer the questions on the text):
- (Сендер) қайда оқисыңдар?
- Медициналық білімді қай тілде аласыңдар?
- Университеттің кітапханасы қандай?
- Кітапханада қандай тілдердегі оқулықтар бар?
- Кітапханада қандай залдар, қандай бөлімдер бар?
- Өздеріңе қажетті кітапты (сендер) қайдан іздейсіңдер?
- (Сендер) тапсырысты кімдерге бересіңдер?

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет