ІІІ. Жаңа сабақ.
Көрінетін жарық дегеніміз – ұзындығы 780 нм-ден 400 нм аралығында болатын электромагниттік тоқындар. Артық энергиясы бар қозған атомдар энергиясы аз күйге ауысады да электромагниттік толқындар шығарады, демек, жарық шығарады. Бұл процестің ұзақтығы 10 нс-ке созылады., сөйтіп атом синусоиданың бір үзігін шығарады. Оны толқындық цуг деп атайды.
Интерференция құбылысын 1675 жылы Ньютон, одан кейін Юнг және Френель байқаған.
Жарық толқынының интерференциясы тек когерентті толқындар қабаттасқанда ғана пайда болады.
Интерференцияны іске асыру әдістер:
Достарыңызбен бөлісу: |