Сабақ мақсаты: Өмір адам баласына бір ақ рет берілетін өте сый екенін түсінуге ықпал ету



Дата05.03.2023
өлшемі20,6 Kb.
#71603
түріСабақ
Байланысты:
Психологиялық тренинг "Өмір қымбатсың маған!"


Қаратөбе жалпы білім беретін мектеп КММ
Сынып:7
Өтетін орны: тарих кабинеті
Тақырыбы: «Өмір , қымбатсың маған!»
Сабақ мақсаты:

  1. Өмір адам баласына бір – ақ рет берілетін өте сый екенін түсінуге ықпал ету.

  2. Жақсы қасиеттерге үйретіп, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершілік сезімдерін дамыту.

  3. Оқушының өздерін жан – жақты тереңірек ашуына бағыт – бағдар беру, оқушы көзқарасын қалыптастыру.

Сабақ түрі: психологиялық тренинг.
Сабақ әдісі: пікір алмасу, ой бөлісу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, қанатты сөздер: «Өмір – қымбат сый»,
«Әрбір қиын мәселенің шешілетін жолы бар».

Құрметті оқушылар бүгінгі тренингіміздің тақырыбын «Өмір, қымбатсың маған!» деп алдық. Сендер дүниеге шыр етіп келгеннен бері15 – 16 жылдай уақыт өтті. Ертең мектеп қабырғасынан шығып, үлкен өмірге жолдама аласыңдар. Өмірдің әр түрлі соқпақтарына кездесесіңдер. «Өмір,қымбатсың маған!» деп алуым өзен тоқтамай ағып жатқан сияқты, өмір де тоқтамайды, өз арнасымен ағып жатады.Жалғыз ағаш орман болмайды дегендей, жалғыз адам өмірде толыққанды өмір сүре алмайды. Сол себепті өмірімнің осы сәті біздің сабағымыздың сәтті немесе сәтсіз өтуі сендерге байланысты. Яғни адам күні адаммен дегендей ...



  1. Ереже қабылдау

2.«Жүректен- жүрекке» жаттығуы .Бір-бірімізге жағымды сөз айтып бастасақ. Мысалы, сен бүгін әдемісің, көріктісің деген сияқты сөздер.
3.Слайдтан көрініс
4.«Балықтар » жаттығуы. Біз бір-бірімізді жақын тану үшін әрбіреуіңе «балық аулауды» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «балық аулайды», себеттен аяқталмаған сөйлемі бар карточканы алады да, өз сөздерімен аяқтайды Пікір алмасу.

  • Өмірдің құндылықтары қандай?

  • Өмір адамға несімен қымбат?

  • Бақытты адам?

  • Адам баласы өмірге не үшін келеді?

  • Мен адамдардың қасиеттерін бағалаймын?

  • Өмірдің мәні?

  • Есте қалатындай қалай өмір сүру керек?

  • Өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиет?

5.«Жұлдызды аспан» жаттығуы. Құрал- жабдықтар: түрлі – түсті қағаздар , қайшы.
Нұсқау: дөңгеленіп отырыңыздар және көздеріңізді жұмып , үш рет терең демалыңыз. (музыка ойналады) Ал , енді жұлдызды түнді елестетіңіз.Жұлдыздар үлкен және кіші , жарық және күңгірт.Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар , ал біреулер үшін сансыз көп жарық шашып бірде алыстап , бірде қол созым жерде жақындаған нүктелер.Жұлдыздарға мұқият қарап , ең керемет жұлдызды таңдаңыз.Мүмкін бұл балалықтағы сіздің армандарыңызға ұқсас шығар , мүмкін ол сіздің бақытты , қуанышты , шабытты кездеріңізді еске түсірген шығар.Тағы да өз жұлдызыңызға сүйсініп , оған жетуге тырысыңыз.Бар күшіңізді салыңыз.Сіз міндетті түрде өз жұлдызыңызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз , жақыннан қараңыз және оның көрінісінен қандай сәуле , қандай жарық , қандай нұр шашқанын есте сақтауға тырысыңыз.Ал енді асықпай көздеріңізді ашыңыздар! Қағаз алып өз жұлдызымызды саламыз.
(түн артынан күн шығатыны секілді қиыншылық артынан жақсылық шығады.)
6.«Поезд» жаттығуы .Психологиялық және физикалық қысымнан арылу, дұрыс пікір қалыптастыру Өмірде әр минутымызды пайдалы өткізуге тырыссақ, қоғамға қажетті азамат болуымызға сөзсіз. Ойын шеңберде өткізіледі. Алдымен бірінші, екінші деп саналу керек. Біріншілер – алақанмен шапалақтау, екі рет аяғымен тоқылдату. Екіншілер – екі шапалақ, бір тоқылдату. Қозғалыс кезекпен қайталанады: бірінші – екінші – бірінші – екінші жәнет.с.с шеңбер бойынша: пойыз доңғалақтарының шуылын салып көрсетеді. Ойын барысының өн бойында қарқын үнемі тездетіледі
Өмірді мәнді өткізу, осы қаситтерді игеру, кімнің қолында? Өмірің – өз қолында! Осы мақсатта адам не істеу керек? Өмірдің қиын-қыстау кезі де, қуанышы да бар.

  • Адам өзін-өзі тәрбиелеу керек;

  • Дамыту керек;

  • Қоғамға қызмет ету керек.

Дұрыс пікір, келісеміз бе? Ал өзін-өзі тәрбиелеу үшін, дамыту үшін, не істеу керекпіз? «Өмір – өзендегі» уақыт сылдыр су болып ағып кетпеу керек. Уақытты үнемді пайдалану керекпіз, яғни әр сағат саған қызмет жасау керек. Оны ұйымдастыратын кім? – өзің. Өмірің - өз қолында!
7. «Шырақ» жаттығуы. Бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.
8.«Сенім» жаттығуы.Ұл балалардың бір-біріне деген сенімдерін қалыптастыру
Құрметті оқушылар, аға ұрпақ өкілдері елуден асқан соң артына көз жіберіп қарасаң, мен не тындырдым деген сұраққа жауап іздейсің. Ал біз әрқайсысымыздың өткен өмірімізге риза болатындай жоспарлауымыз керек. Өміріміздің мәнді өтуі өз қолымызда!
9. «Тілек музыкамен»
10.Брошурка тарату.

Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Абай

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет